Об утверждении Правил формирования групп из участников национального превентивного механизма для превентивных посещений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования групп из участников национального превентивного механизма для превентивных посещений
- Атауы (қаз.)
- Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 26.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2023 75355_620449.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008893
- ЭКБ идентификаторы
- 75355
- Редакция идентификаторы
- 75355_620449
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:14
0 Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабын іске асыру мақсатында:
1. Қоса берілген Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
0 Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 21 өкімімен
бекітілген
Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабына сәйкес әзірленген.
3. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
2. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру тәртібі
4. Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларынан топтар (бұдан әрі-ҰАТ топтары) құру Үйлестіру кеңесінің отырысында ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісіледі.
5. ҰАТ топтарын құру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімдері ерікті нысандағы хаттамамен ресімделеді, және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл оны бекітеді.
6. ҰАТ топтарын қалыптастыру алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін ҰАТ топтарының басшылары мен мүшелерінің жеке деректерін көрсете отырып, екі жылдық мерзімге жүзеге асырылады.
7. Үйлестіру кеңесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша есептік кезең ішінде ҰАТ топтарының құрамын толықтыра және өзгерте алады.
8. ҰАТ тобының басшысын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша Үйлестіру кеңесі тағайындайды.
9. Үйлестіру кеңесі алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың тізімі мен мерзімдерді бөлінген бюджеттік қаражат шегінде айқындайды, ол үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен мекемелер және ұйымдар бөлігінде алдағы күнтізбелік жылға арналған ҰАТ топтарының алдын ала болуының жыл сайынғы жоспарын бекітеді.