Заңдық күші:
Қолданыста
· 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7537/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О закреплении замороопасных водоемах областиҚолданыста08.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0Облыс балық тұншығу қаупі бар су айдындарын бекітіп беру туралы
Тасқын су деңгейінің жоғарылығына және ауаның температурасының күрт көтерілуіне байланысты облыс су айдындарында балық тұншығу мүмкіндігі жағдайының алдын алу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Солтүстік Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі (Сүлейменов Қ.) балық тұншығу қаупі бар айдындарды Жайық өзеніндегі тармақтарды, қолтықтарды, Қиғаш өзенінің тамағын қоса (Еділ өзенінің шығыс тармағы), Каспий теңізінің Атырау облысы аумағындағы жағалауына паспорттау жүргізсін:
1) облыстың балық тұншығу қаупі бар бөлініп қалған су айдындарын есепке алып, олардың паспортын ресімдесін;
2) облыстық табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау басқармасы өткізген экологиялық сараптау негізінде табиғатты пайдаланушыға балық тұншығу қаупі бар айдындар мен учаскелер бекітіліп берілсін;
3) балық тұншығу қаупі бар су айдындарын бекітіп беру келісім-шарттарын ресімдесін;
4) балық аулауға рұқсат пен кемемен жүзуге келісімді жазып берсін;
5) балық тұншығу қаупі бар айдындардың жағдайына және игеруіне, ауланған балықтың есебін жүргізуге бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
2. Балық аулауға рұқсат алған табиғатты пайдаланушылар бекітіліп берілген су айдындарында, учаскелерінде (қамыс өскен аймақтағы қамыс, су өсімдіктерін ору, шабу, тазарту, мәлөк-шабақтарды құтқару) балық тұншығу қаупін болдырмау шаралар кешенін әзірлеп, жүзеге асырсын.
3. Атырау облыстық табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Әбдірахманов М.) Солтүстік Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекеме мамандарынан құрылған балық тұншығу қаупі бар су айдындарының паспортын экологиялық сараптаудан өткізсін.
4. Қала және аудандар әкімдері облыс су айдындарында балық тұншығу қаупінің болу мүмкіндіктерін болдырмауға байланысты осы шешімнің орындалуы жөнінде тиісті шараларын алсын.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсін.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын