Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Заң · № 142-V · қабылданған 19.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75383/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан об оказании безвозмездной военно-технической помощи Қолданыста Заң ·№ 142-V ·19.11.2013
19.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Қолданыста Заң ·№ 142-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан об оказании безвозмездной военно-технической помощи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
142-V
Қабылданған күні
19.11.2013
Көрсетілген редакция
19.11.2013 AI75383_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000142
ЭКБ идентификаторы
75383
Редакция идентификаторы
AI75383_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 15 сәуірде Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастар мен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына өтеусіз әскери-техникалық көмек береді.

2 2-бап

Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3 3-бап

Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

4 4-бап

Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Тәжікстан Республикасының аумағына (Душанбе қаласы) дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе кемесімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдауды және беруді жүргізеді.
Бұл ретте Душанбе қаласына дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.
Тәжікстан тарапы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу үшін шығыстарды өзі көтереді және жауапты болады.
Тараптардың уәкілетті органдарының өзара уағдаласуы бойынша Тәжікстан тарапы да осы мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан дербес әкетуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5 5-бап

Тәжікстан тарапы осы Келісімге қосымшада көрсетілген, Қазақстан тарапынан алынған мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

6 6-бап

Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілетін болады.

7 7-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімнің 5-бабын қоспағанда, осы Келісім Тәжікстан тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
2013 жылғы 15 сәуірде Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

8 Берілетін әскери мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге
қосымша
Берілетін әскери мүліктің тізбесі
Мү­лік­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1.
5,45 ПС кә­дім­гі оғы бар 5,45 мм па­трон
да­на
43 200
2.
1943 жы­л­ғы үл­гі­де­гі 7,62 ПС бо­лат өзек­ті оғы бар 7,62 мм па­трон
да­на
21 120
3.
7,62 мм ЛПС па­тро­ны
да­на
14 080
4.
Ф-1 қол гра­на­та­сы
да­на
240
5.
РГД-5 қол гра­на­та­сы
да­на
160
6.
Қа­ру майы
тон­на
1

Қолданыстағы