О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 145
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 22.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2015 75428_222948.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NM004301
- ЭКБ идентификаторы
- 75428
- Редакция идентификаторы
- 75428_222948
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:03
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы
Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеу.
2 2. Мыналар:
1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2 2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) төленеді;
3 3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін алушы келесі құжаттарды:
өтінішін;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациясының қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатын растайтын құжатты ұсынады;
4 4) оқытуға шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ Е. Биркель
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Ерменова