О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-4/3
- Қабылданған күні
- 07.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2018 75496_365373.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VO003106
- ЭКБ идентификаторы
- 75496
- Редакция идентификаторы
- 75496_365373
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:58
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Көкпекті ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8600 (сегіз мың алты жүз) теңге көлемінде ұсынылады.
«Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 9200 (тоғыз мың екі жүз) теңге көлемінде ұсынылады.