О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 114
·
10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 26.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2014 AI75551_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NG004321
- ЭКБ идентификаторы
- 75551
- Редакция идентификаторы
- AI75551_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:48
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі–оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2. Мыналар:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) төленеді;
3) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін алушы келесі құжаттарды:
өтінішін;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытын-дысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының уақытша
міндетін атқарушы
______________________ Айсин Ә.С.