Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества "Казахэнергоэкспертиза"

Қаулы · № 1294 · қабылданған 30.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75625/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества "Казахэнергоэкспертиза" Қолданыста Қаулы ·№ 1294 ·30.11.2013
30.07.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества "Казахэнергоэкспертиза"

Қолданыста Қаулы ·№ 1294 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества "Казахэнергоэкспертиза"
Атауы (қаз.)
"Қазақэнергиясараптама" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1294
Қабылданған күні
30.11.2013
Көрсетілген редакция
30.07.2016 AI75625_8.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001294
ЭКБ идентификаторы
75625
Редакция идентификаторы
AI75625_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:45

0 "Қазақэнергиясараптама" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қоғам жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды:

2 2) Әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 1294 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-162-жолмен толықтырылсын:

21-162 «21-162. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ»;

«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-62-жол алынып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-52-жолмен толықтырылсын:

237-52 «237-52. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы»;

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне» деген бөлім және реттік нөмірі 262-жол алынып тасталсын.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қолданыстағы