Құжат мәтініне өту

ИМПОРТ: Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қаулы · № 349 · қабылданған 18.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75647/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
ИМПОРТ: Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Күшін жойған Қаулы ·№ 349 ·18.11.2013
07.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

ИМПОРТ: Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Күшін жойған Қаулы ·№ 349 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
ИМПОРТ: Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
ИМПОРТ: Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
349
Қабылданған күні
18.11.2013
Көрсетілген редакция
07.09.2015 75647_189948.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LC004546
ЭКБ идентификаторы
75647
Редакция идентификаторы
75647_189948
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:52

0 Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 2 тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413 Заңының 18 бабының 22-тармақшасына және 31 бабына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi N 49-ө өкiмiне сәйкес Арал ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалану қағидасы" бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Раймбетовке жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Арал ауданы әкiмдiгінің

2013 жылғы 18 қарашадағы
N 349 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2 2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншiкке түседі және осы қағидаға сәйкес пайдаланылады.

2 2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келіп түсу тәртібі

3

3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келіп түсуi тапсыру- қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру–қабылдау актiсiнде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру-қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Арал аудандық ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ветеринария бөлiмi), "Арал аудандық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.

4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау – беру актісі негізінде теңгерімге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.

3 3. Аудандық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

5 5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6

6. Жергілікті атқарушы орган жануарларды уақытша күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргiзедi. Зерттеу барысында міндетті түрде күтімге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем-шөппен және ішетін сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.

7 7. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға қаржы бөлiмiмен келiсiм шарт негiзiнде бекітіліп беріледі.

8 8. Жануарларды күтiмге алу шығыны жеке немесе заңды тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.

9 9. Жануарларды бағу мен пайдалануына берілген жеке немесе заңды тұлға жануарлардың өлiм-жiтiмi мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.

10 10. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.

11 11. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар аукцион арқылы сатылады. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

4 4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару

12

12. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде – ауданның тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

13 13. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.

14 14. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.

15 15. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Қолданыстағы