О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 11.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2015 75718_274156.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NP004326
- ЭКБ идентификаторы
- 75718
- Редакция идентификаторы
- 75718_274156
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:55
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2. Мыналар:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуді "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;