Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий

Қаулы · № 328 · қабылданған 30.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75731/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған 31.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий

Күшін жойған Қаулы № 328 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Облыстық коммуналдық мемлекеттік қәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
328
Қабылданған күні
30.10.2013
Қолданысқа енгізілген күні
25.12.2013
Көрсетілген редакция
31.03.2026 75731_814393.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13G0002060
ЭКБ идентификаторы
75731
Редакция идентификаторы
75731_814393
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстық коммуналдық мемлекеттік қәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы басқарма) алдағы үшжылдық кезеңге арналған облыстық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның облыстық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3. Облыс әкімдігінің қаржы басқармасы (Е. Мажуов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын камтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№328 қаулысымен бекітілген
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 тенгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

3. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынның дамуына жұмсалады.