Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в акимы Боденевского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в акимы Боденевского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Бөдене ауылдық округ әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 22.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2013 75750_180408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TF002798
- ЭКБ идентификаторы
- 75750
- Редакция идентификаторы
- 75750_180408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:50
0 Бөдене ауылдық округ әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Бөдене ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2 2. Ауылдық округ әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды стендпен жарақтандырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Шамұратовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б. Құнас
"22" қараша 2013 жыл
5 Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
"22" қарашадағы № 377
қаулысына қосымша
Бөдене ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
р/с
Ауылдық округ атауы
Орналасатын жері
1
Бөдене ауылдық округі
Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылы, Кеңес көшесі, 2а үй. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бөдене дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алдындағы стенд