О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 20.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2014 AI75769_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NT004335
- ЭКБ идентификаторы
- 75769
- Редакция идентификаторы
- AI75769_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:50
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2 2. Мыналар:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) ұсынылады;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын тағайындау тиісті оқу жылының өтініш берілген айынан бастап жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) төленеді.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Т. Волоткевич
"Федоров ауданының экономика және
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ В. Гринак