О мерах по организации поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 24.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2000 7581_258793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000621
- ЭКБ идентификаторы
- 7581
- Редакция идентификаторы
- 7581_258793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:09
0 Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 39 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғау қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысын орындау үшін және облыста құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға азаматтарды белсенді қатыстыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөніндегі облыстық комиссия құрамы қосымшадағыға сәйкес бекітілсін.
2. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысымен бекітілген қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін басшылыққа алсын.
3. Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Т.Ш. Рақымжанов қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеудің 2001 жылға арналған шығыстарын қаржыландырудың бағдарламасы туралы ұсыныстар енгізсін.
4. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 2001 жылғы бюджетте қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуге арналған шығыстарды қарасын.
5. Орал қаласының және аудандардың әкімдері қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөнінде тиісті комиссияларды бекітсін және қазіргі заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына сәйкес қаржыландыру мәселесін шешсін.
6. Шешім 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
7. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.
8 Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 24 қарашадағы
N 207 шешіміне қосымша
Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге
жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын
азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау
жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Мәлік Иманқұлұлы
Құлшар - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2. Галинур Ғалымқызы
Шамшаева - облыстық мәслихаттың хатшысы,
комиссия төрағасының орынбасары
3. Ишанғали Иманбайұлы
Әубәкіров - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары,
комиссия мүшесі
4. Асқар Шаңгерейұлы
Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
5. Татьяна Александровна
Даньшина - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы