Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 18.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2014 75902_44311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SB002423
- ЭКБ идентификаторы
- 75902
- Редакция идентификаторы
- 75902_44311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:52
0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Аққайың ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 80 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2008 жылғы 6 мамырдағы № 13-2-75 тiркелдi, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 22 «Колос» газеттерiнде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
2013 жылғы 18 қараша
5 Аққайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 18 қарашадағы
№ 276 қаулысына
қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі