Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования транспорта (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для прибытия в зону чрезвычайной ситуации социального характера, а также доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, в медицинскую организацию, если промедление может создать реальную угрозу жизни или здоровью людей, с возмещением материального ущерба собственникам в случае его причинения

Қаулы · № 1357 · қабылданған 20.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75999/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования транспорта (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для прибытия в зону чрезвычайной ситуации социального характера, а также доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, в медицинскую организацию, если промедление может создать реальную угрозу жизни или здоровью людей, с возмещением материального ущерба собственникам в случае его причинения Қолданыста Қаулы ·№ 1357 ·20.12.2013
25.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования транспорта (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для прибытия в зону чрезвычайной ситуации социального характера, а также доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, в медицинскую организацию, если промедление может создать реальную угрозу жизни или здоровью людей, с возмещением материального ущерба собственникам в случае его причинения

Қолданыста Қаулы ·№ 1357 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования транспорта (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для прибытия в зону чрезвычайной ситуации социального характера, а также доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, в медицинскую организацию, если промедление может создать реальную угрозу жизни или здоровью людей, с возмещением материального ущерба собственникам в случае его причинения
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1357
Қабылданған күні
20.12.2013
Көрсетілген редакция
25.12.2020 75999_502511.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001357
ЭКБ идентификаторы
75999
Редакция идентификаторы
75999_502511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:27

0

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін көлікті пайдалану тәртібі

2

2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану туралы шешімді әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.

3

3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган көлікті пайдалануға арналған өтінімді қалыптастырады, тасымалдау басталатын күн мен уақытты белгілейді және оны көлік саласындағы уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, көліктің меншік иесіне жібереді.
Көліктің меншік иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тасымалдауды орындау үшін көлікті беру және жөнелту мерзімдері туралы шешім қабылдайды.

4 4. Көлікті ұсынуға арналған өтінім жазбаша немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

5

5. Көлікті, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін пайдаланған жағдайда, сондай-ақ оны көлік иесіне немесе оны білдіретін адамға қайтару кезінде жергілікті жердің комендатурасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктің техникалық күйін, сондай-ақ оның жинақталуы мен күйін куәландыратын көлік құралын техникалық байқау актісін береді.

6

6. Пайдаланылатын көлікті көліктің меншік иесі межелі пунктке және кері тұрақты орналасқан орынға дейін тасымалдауды жүзеге асыру үшін жеткілікті жанар-жағармай мен басқа материалдармен қамтамасыз етеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдаудың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқару үшін арнайы білімді қажет ететін көлік көлік құралын басқару дағдылары бар экипажбен (адаммен) бірге беріледі.

7 7. Авиациямен тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын мемлекеттік орган, заңды немесе жеке тұлға ұшудың орындалуын уақтылы қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған рейс туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етеді.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жоспарланып отырған рейс туралы хабарлама алған кезде ұшу және қону әуежайларында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

3 3. Меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтеу тәртібі

8

8. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде келтірілген залалды өтеу үшін көлік құралының меншік иесі материалдық залал келтірілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға, көлік құралын пайдалану жері бойынша жергілікті жердің комендантына (төтенше жағдай режимі қолданылған кезеңде) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған залалды өтеу туралы өтініш береді.

9 9. Залалды өтеу туралы өтінішке мыналар:

1 1) жеке тұлғалар үшін – көлік құралы меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны (филиалды және өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

2 2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою кезінде пайдаланылған көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3 3) көлікті ұсыну туралы өтінімнің көшірмесі (бар болса);

4 4) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

10 10. Өтінішті тіркеу көлік құралының меншік иесіне өтініштің қабылданғаны туралы растама бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келтірілген материалдық залалды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

11

11. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган, жергілікті жердің коменданты өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген, көлік құралының меншік иесі таңдаған тәуелсіз сарапшыда (бұдан әрі – тәуелсіз сарапшы) көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
Бұл ретте көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізуді ұйымдастырумен байланысты шығыстар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті жердің комендантына жүктеледі.

12 12. Егер өтініш беруші жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құнын өтеуді ғана сұраса, онда тәуелсіз сарапшыда көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізу талап етілмейді.

13

13. Көлік құралының меншік иесі залалды өтеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы көлік құралын пайдаланылғаннан кейін қандай күйде болса, сол күйінде сақтайды және мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына зақымданған көлік құралын қарау, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген залалға бағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

14 14. Көлік құралының меншік иесіне келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерді:

1 1) көлік құралы меншік иесінің мемлекеттік орган немесе оның аумақтық органы ұсынған тәуелсіз сарапшылар тізбесіне және олардың орналасқан жері, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес тәуелсіз сарапшыны таңдап алуын;

2 2) көлік құралының меншік иесімен және тәуелсіз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргізу орнын айқындауды;

3 3) келтірілген залалға бағалау жүргізуді;

4 4) көлік құралы меншік иесінің бағалау туралы есеппен танысуын қамтиды.

15

15. Көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізу кезінде оны қалпына келтіру құны залал келтірілген күні қолданыста болған нарықтық бағалар, көлік құралы тауарлық бағасының жойылғаны негізге алына отырып, ол басталғанға дейін орын алған көлік құралының есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып есептеледі.

16 16. Көлік құралын жою кезінде келтірілген залалдың мөлшері залал келтірілген күнгі нарықтық бағалар негізге алына отырып айқындалады.

Егер қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін болмаса немесе экономикалық жағынан негізсіз болса, көлік құралы жойылған деп есептеледі. Егер бұл ретте күтілетін көлік құралын қалпына келтіруге арналған шығыстар залал келтірілген күнгі оның нарықтық құнының сексен пайызынан асатын болса, көлік құралын қалпына келтіру экономикалық жағынан негізсіз деп есептеледі.

17

17. Егер әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органмен немесе жергілікті жердің коменданты осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген мерзімде тәуелсіз сарапшыда көлік құралына келтірілген залалға бағалау жүргізуді ұйымдастырмаса, онда көлік құралының меншік иесі тәуелсіз сарапшының көрсетілетін қызметтерін дербес пайдалана алады.
Көлік құралы меншік иесінің тәуелсіз сарапшының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша құжаттармен расталған шығыстары өтелетін залалдың сомасына қосылады.

18

18. Тәуелсіз сарапшы қорытынды шығарғаннан кейін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның басшысы немесе жергілікті жердің коменданты осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларда келтірілген материалдық залалды өтеу туралы бұйрық шығарады.

19 19. Залалды өтеу бұйрық шығарылған күннен бастап үш банктік күн ішінде көлік құралы меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.

20 20. Залал өтелгеннен кейін Келтірілген материалдық залалды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында күнін, өтелген залалдың мөлшері мен төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жүргізіледі.

21 21. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған қасақана алаяқтық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

22

22. Көлік құралдарының меншік иелеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қағидаларда көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражаты есебінен келтірілген залал өтеледі.

1 № _____ өтінім

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлігінен басқа) пайдалану қағидаларына
1-қосымша
№ _____ өтінім
1. Тасымалдау мақсаты _________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Көлік типі мен саны ________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қозғалыс маршруты мен межелі пункт _________________________
_____________________________________________________________________
      4. Тасымалдау (қозғалыс) басталатын күн мен уақыт _____________
      5. Жолаушылар саны ____________________________________________
      6. Жүктің атауы, салмағы, сипаты, қауіптілігі туралы
мәліметтер, орын саны және әрбір орынның габариті, әскери техниканың
шассиі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мемлекеттік органның басшысы
      _______________________________________________________________
                      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)
      20__ ж. «___» ______________
                                                 М.О.

2 Көлік иесінен қабылдау/оған қайтару кезінде көлік құралын техникалық байқау актісі

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлігінен басқа) пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Көлік иесінен қабылдау/оған қайтару кезінде көлік құралын техникалық байқау актісі
20__ жылғы «___» ____________
Мен, ________________________________________________________
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________ бірлесіп,
__________________________________________________________________
баланысына тиесілі/балансында тұрған көлік құралына техникалық байқау
жүргіздім.
__________________________________________________________________
(Т.А.Ә. көлік құралы меншік иесінің (иесінің) деректемелері)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі _______________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) ______________________________________
Маркасы, моделі _______________________________________________
Шығарылған жылы _____________________________________________
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (сериясы, нөмірі) ________________
___________________________________________________________________
Шанақ нөмірі __________________________________________________
Қаңқа нөмірі ___________________________________________________
Қозғалтқыш нөмірі _____________________________________________
Шина протекторларының маркасы, диаметрі, тозуы, зақымданулардың
болуы _____________________________________________________________
Көлік құралының санаты ________________________________________
Байқау сәтіндегі спидометрдің көрсеткіші __________________________
Аспаптардың жұмыс істеу қабілеті _________________________________
Шанақтың жалпы күйі ___________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Әйнектердің, ішкі және сыртқы жарық беру құралдарының күйі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Көлік құралы салонының күйі ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қозғалтқыштың және оның жүйелерінің күйі _______________________
Аспа, трансмиссия түйіндерінің күйі _______________________________
___________________________________________________________________
(техникалық күйі, зақымданулардың болуы, жинақталуы көрсетіледі)
Бамперлердің және доңғалақ үсті ластанудан қорғау
қондырғыларының болуы, олардың күйі _______________________________
Тұншықтырғыштардың және түтін түтіктерінің болуы ________________
___________________________________________________________________
Актіні жасағандар:
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә., мөр)
1) ____________________________________________________________
(қолы Т.А.Ә.)
2) ____________________________________________________________
(қолы Т.А.Ә.)
Актінің көшірмесін алдым
__________________________________________________________________
(меншік иесінің (иесінің) қолы)

3 Келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлігінен басқа) пайдалану қағидаларына
3-қосымша
_____________________ бастығы
(мемлекеттік органның атауы,
лауазымды адамның әскери (арнаулы)
атағы, Т.А.Ә.)
____________________________,
мекенжайы бойынша тұратын немесе болатын
_____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә., деректемелері)
Келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш
Сізден ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
көлік құралын (моделі, шығарылған жылы, қозғалтқыш нөмірі, шанақ
нөмірі, шассиінің нөмірі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, көлік
құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы, нөмірі мен берілген күні)
төтенше оқиға, төтенше жағдай аймағында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(оқиға уақыты, орны, сипаттамасы) пайдаланылуға байланысты
келтірілген залалды, зақымданған көлік құралын (атауы, маркасы) _____
_____________________________________________________________________
_______________ қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстарды қоса
алғанда, оның ішінде _______ литр мөлшерінде жұмсалған жанар-жағармай
материалдарының құнын ______________________________ өтеуді сұраймын.
      Материалдық залалды ___________________________________________
___________________________________ мекенжайы бойынша өтеуді сұраймын
(облыс, аудан, қала, тұрғылықты, болатын жерінің мекенжайы)
      Банктің атауы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Банктің БСК, ЖСК ______________________________________________
_______________________________________________________________ атына
           (Т.А.Ә., өтініш берушінің деректемелері)
_____________________________________________________________________
___________________________________________ ағымдағы немесе жинақ шот
_____________________________________________________________________
      Алушының ЖСН (БСН) № __________________________________________
_____________________________________________________________________
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________
      «____» _________________
      (күні)   (айы)  (жылы)
                                                 Өтініш беруші
                                        _____________________________
                                                (қолы, Т.А.Ә.)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
                              (кесу сызығы)
      Азамат ________________________________________________ өтініші
      № ______ болып тіркелді. Өтініш қабылданған күн _______________
      Өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы мен қолы _________

4 Келтірілген материалдық залалды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналы

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық ұйымға жеткізу үшін меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлігінен басқа) пайдалану қағидаларына
4-қосымша
Келтірілген материалдық залалды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналы
Р/с

Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә. неме­се де­ректе­ме­ле­рі
Ке­ліп түс­кен кү­ні, кі­ріс №
Тұр­ғы­лық­ты неме­се бо­ла­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
Ма­те­ри­ал­дық за­лал­ды өтеу се­бе­бі (ор­нын, уа­қы­тын қы­сқа­ша си­паттау)
Кел­ті­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дық за­лал­дың мөл­ше­рі
Тө­лен­ген ақ­ша­лай қа­ра­жат бой­ын­ша тө­лем құ­жа­ты­ның № және кү­ні (тір­ке­у­ші­нің қо­лы)
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы