О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 06.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2014 AI76028_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NQ004362
- ЭКБ идентификаторы
- 76028
- Редакция идентификаторы
- AI76028_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:41
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне ұсынылады (бұдан әрі - алушы);
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі деп айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
_____________________ А. Апареев
Сарыкөл ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ А. Бекпанов