Құжат мәтініне өту

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Куздыгаринского сельского округа

Өзге акт · № 16 · қабылданған 09.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76080/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Куздыгаринского сельского округа Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 ·09.12.2013
09.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Куздыгаринского сельского округа

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Куздыгаринского сельского округа
Атауы (қаз.)
Көздіғара ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
09.12.2013
Көрсетілген редакция
09.12.2013 AI76080_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13TE002825
ЭКБ идентификаторы
76080
Редакция идентификаторы
AI76080_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:40

0 Көздіғара ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 294 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Теңдік" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасында құтыру ауруының эпизоотиялық ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

2

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері:
С. Тайшыбай
2013 жылғы 23 желтоқсан
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы:
Ш. Асауова
2013 жылғы 23 желтоқсан

Қолданыстағы