Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-134
- Қабылданған күні
- 08.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2015 76111_39981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DC002520
- ЭКБ идентификаторы
- 76111
- Редакция идентификаторы
- 76111_39981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:56
0 Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Текелі қаласының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 26-197 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 2-3-86 нөмірімен тіркелген, "Текелі тынысы" газетінің 2011 жылғы 07 қаңтардағы 1 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
08 қараша 2013 жыл
08 қараша 2013 жыл
5 Текелі қалалық мәслихатының
2013 жылғы 8 қарашадағы
"Текелі қаласы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"
N 22-134 шешіміне қосымша
Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
2
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3