Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах города Текели, повышенных окладов и тарифных ставок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах города Текели, повышенных окладов и тарифных ставок
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-142
- Қабылданған күні
- 26.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2014 AI76113_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DC002522
- ЭКБ идентификаторы
- 76113
- Редакция идентификаторы
- AI76113_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:48
0 Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Әлеуметтік мәселелер бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Текелі қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Мырзахметова Файзагүл Сванқызы
26 қараша 2013 жыл