Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский научно-практический Центр медико-социальных проблем наркомании" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения

Қаулы · № 1845 · қабылданған 14.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7612/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский научно-практический Центр медико-социальных проблем наркомании" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения Қолданыста Қаулы ·№ 1845 ·14.12.2000
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский научно-практический Центр медико-социальных проблем наркомании" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения

Қолданыста Қаулы ·№ 1845 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский научно-практический Центр медико-социальных проблем наркомании" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1845
Қабылданған күні
14.12.2000
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI7612_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001845_
ЭКБ идентификаторы
7612
Редакция идентификаторы
AI7612_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:07

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi орталықты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

3 3. Орталық қызметiнiң негiзгi нысанасы есiрткiлердi терiс пайдаланудың алдын алуды, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалтуды, ғылыми мониторингтi, есiрткiнi терiс пайдалану туралы деректердi жинау мен талдауды жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1 1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Павлодар облысының әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен Орталықты орналастыру үшiн үй-жай бөлу туралы мәселенi қарасын.

6

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесiп Орталықты орналастыруға арналған үй-жайды Павлодар облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке қабылдау-беру жөнiнде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
"2. Мемлекеттiк кәсiпорындар бөлiмi" мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-жолмен толықтырылсын:
"66. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы".
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы