Об утверждении Правил содержания в пунктах пропуска граждан Республики Казахстан, утративших в период пребывания за границей документы на право въезда на территорию Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания в пунктах пропуска граждан Республики Казахстан, утративших в период пребывания за границей документы на право въезда на территорию Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 503
- Қабылданған күні
- 30.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2013 AI76176_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008939
- ЭКБ идентификаторы
- 76176
- Редакция идентификаторы
- AI76176_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:00
0 Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3 Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары
3. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ҰҚК
Төрағасының 2013 жылғы
30 қазандағы № 503 бұйрығымен
бекітілген
Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары
1
1. Осы Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын шетелде болу кезеңінде жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау тәртібін белгілейді.
2 2. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік тәртіпте ұсталған адамдардың санатына жатпайды және өткізу пунктінде ерікті түрде қалдырылады.
3
3. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары өткізу пункттерінде жабық орындарға, үй-жайларға (объектілеріне), сондай-ақ шетелге баратын көлік құралдарына кіруіне мүмкіндік бермейтін орындарда шекаралық нарядтың бақылауында ұсталады.
Өткізу пункттерінің жабық орындарына, үй-жайларына (объектілеріне) шекаралық, кедендік бақылаудың режимдік зоналары мен бақылау органдарының бөлімшелері орналасатын қызметтік үй-жайлар жатады.
4
4. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, олардың жеке басын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізеді.
Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде олар санитарлық-тұрмыстық жағдайлары бар (отыратын орын, дәретхана) жолаушыларға арналған залдарда болады және бажсыз сауда дүкендеріне, тамақтану және медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттеріне еркін бара алады.
Бұл ретте шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарынан жауап алуды ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері жазбаша түрде жүргізеді. Адамдардың сауалнамалық деректері басқа жеке құжаттарынан, олар болмаса – тексерілушінің ауызша айтқанынан жазылады.
5
5. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына ҚР ҰҚК ШҚ лауазымды тұлғалары жеке басты анықтайтын құжаттарды алу үшін, ақпарат алуға, байланыс құралдарына, соның ішінде факсимильді немесе электронды байланысқа рұқсат беруге көмек көрсетеді.