Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области производства биотоплива

Бұйрық · № 5-3/512 · қабылданған 21.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76178/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области производства биотоплива Күшін жойған Бұйрық ·№ 5-3/512 ·21.10.2013
21.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области производства биотоплива

Күшін жойған Бұйрық ·№ 5-3/512 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области производства биотоплива
Атауы (қаз.)
Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-3/512
Қабылданған күні
21.10.2013
Көрсетілген редакция
21.07.2015 AI76178_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008941
ЭКБ идентификаторы
76178
Редакция идентификаторы
AI76178_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:03

0 Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлер саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. «Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 11-2/52 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы

4 ақпандағы № 27 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6791 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 3 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 21 қазандағы
№ 5-3/512 және
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші Орынбасары –
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 288/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – биоотын өндірісін жүзеге асыру кезінде оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адам және жануарлар денсаулығына, қоршаған ортаға статистикалы растық шекараларда зиян келтiру ықтималдығы;

2 2) тексерілетін субъектілер – биоотын өндірісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

3 3. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу объективті критерийлер – бастапқы бөлу кезінде және субъективті критерийлер негізінде – келесі бөлу кезінде жүзеге асырылады.

4 4. Биоотын өндірісін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер бастапқы бөлу кезінде жоғарғы тәуекел дәрежесі тобына жатады.

5 5. Тексерілетін субъектілерді кейінгі бөлуі мына баллдарды бере отырып, бар кемшіліктер есебімен жүзеге асырылады:

елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталардың нормаларын арттыру – 10 балл;
биоотын өндірісі кезінде 1 және 2 сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - 10 балл;
биоотын өндірісі бойынша бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы – 10 балл;
өндіріс паспортының болмауы - 10 балл;
биоотын өндірісі көлемін есептеудің бақылау аспаптарының болмауы немесе ақаулығы – 10 балл;
генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растаусыз және оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбей қайта өңдеуге қабылдау – 10 балл.

6 6. Өткізілген тексерістер қорытындылары бойынша жиналған баллдарға байланысты тексерілетін субъектілер тәуекелдер дәрежелері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

50-тан 60 баллға дейін – жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады;
30-дан 40 баллға дейін – орташа тәуекел дәрежесіне жатады;
10-нан 20 баллға дейін – аз ғана тәуекел дәрежесіне жатады.
Факторлар тең болғандықтан, баллдарды есептеу үшін ашық 10 – балдық шкала қолданылады.

7 7. Тәуекелдің бір деңгейіндегі тексерілетін субъектілерге тексеру жүргізуді жоспарлаудың басымдылығын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады:

өндірістік қуаты ең көп көлемді субъектілер;
алдыңғы тексеріс процесінде бұзушылықтар айқындалған субъектілер.

Қолданыстағы