О запрете рубки хвойных пород деревьев
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О запрете рубки хвойных пород деревьев
- Атауы (қаз.)
- Қылқан жапырақты ағаш түрлерін шабуға тиым салу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 21.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2000 7621_289080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00C000827_
- ЭКБ идентификаторы
- 7621
- Редакция идентификаторы
- 7621_289080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:10
0 Қылқан жапырақты ағаш түрлерін шабуға тиым салу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен.
Соңғы жылдары облыс аумағында шағын өрттер мен ағаштарды жаппай шабудың салдарынан ағаш егістерінен елеулі бөлігі жойылды. Сонымен қатар, қысқы кезеңде қурай бастаған ағаштарды турғындардың санитарлық мақсатты бүркенін шабуға, құрап қалған ағаштарды отынға жинауға байланысты орманды қорған заңы өрескел бұзылуда. Өзендер жайыламаларындағы, темір жол магистралы мен автокөлік жолдары бойындағы ағаш егістерінде өсіп жатқан ағаштар, шоқ талдар мен бұта тектес ағаштар, сондай-ақ «Тірі табиғат ескерткіштері» мәртебесі берілген жабысқақ қандыағаштар шоғырлары балталануда.
Әсіресе, жаңа жыл қарсанында қылқанды жапырақты ағаш түрлері: қарағай, шыршалардың «жаңажылдық шыршаға» аяусыз шабылуы мен ұлықсатсыз жойылуын айта кеткен жөн.
Осылардың барлығы орманы сирек облысымыз аумағында, жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан ормандандыру жұмыстарының күрт төмендеуі жағдайында болып тұрған көрністер.
Әлемде жаңа жылдық шараларды өткізуде әртүрлі әтірлі иістермен суарылған жасанды шыршалар кенінен пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен және Үкіметінен қолдау көрсетілген ағаш егістіктерін сақтауға арналған Қазақстан Республикасы Табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бастамасын мақұлдай отырып, жоғарыда баяндалған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының 44 бабына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс аумағында аймақ тұрғындардың жаңа жылдық шаралардыөткізуге пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаш түрлерін шабуға тиым салынсын.
2. Облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасына және оның бөлімшелеріне (А. Тұрғалиев), Ақтөбе орман алқаптарын қорғау дистанциясына (Б. Тампенов), «Мақсат» мемлекеттік казналық мекемесіне (Қ. Жекеев):
- қылқан жапырақты ағаш көшеттерді тек сая бақтық аумақтарды, қала және елді мекенжайларды жасыл желектендіруге, объектілер мен құрлыстарды көгалдандыруға пайдалану;
- қарамағындағы орман қорларына түгендеу жүргізу және қорғауды күшейту ұсынылсын.
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау (А. Иманбеков), жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау (М. Аязбаев), орман және биоқорлар (А. Тұрғалиев) аумақтық басқармаларына, облыстық ішкі істер басқармасына (С. Есімов), Батыс-Қазақстан көліктегі ішкі істер басқармасына (Қ. Жұмабаев) 2000, 2001, 2002 жылдардың жаңа жыл алдындағы желтоқсанның 10-нан 31 дейінгі аралықтарында облыс орман алқаптарын бақылау мен қорғауды күшейту ұсынылсын.