О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-147
- Қабылданған күні
- 06.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2015 76246_39979.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DC002530
- ЭКБ идентификаторы
- 76246
- Редакция идентификаторы
- 76246_39979
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:41
0 Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Текелі қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 5-32 шешімімен бекітілген Текелі қаласы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының ставкалары автотұраққа (паркинге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
06 желтоқсан 2013 жыл
06 желтоқсан 2013 жыл
4 Текелі қалалық мәслихатының
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
"Жер салығының базалық
ставкаларын жоғарылату туралы"
N 24-147 шешіміне қосымша
Автотұраққа (паркинге), автомобильге май құю станцияларына
бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді
қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату
Аймақтың нөмірі
Жер салығының базалық ставкаларының жоғарылату (+) пайызы
I
+20
II
+10
III
+10
IV
Базалық ставка (6.75)