О повышении базовых ставок земельного налога по Талгарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога по Талгарскому району
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-136
- Қабылданған күні
- 11.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2014 AI76247_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DR002531
- ЭКБ идентификаторы
- 76247
- Редакция идентификаторы
- AI76247_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:36
0 Талғар ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Талғар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 16-80 шешімімен бекітілген Талғар ауданының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Талғар ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 - баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 процентке жоғарылатылсын.