Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району

Өзге акт · № 5-24-165 · қабылданған 05.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76248/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-24-165 ·05.12.2013
15.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-24-165 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району
Атауы (қаз.)
Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-24-165
Қабылданған күні
05.12.2013
Көрсетілген редакция
15.05.2015 76248_38908.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13DP002532
ЭКБ идентификаторы
76248
Редакция идентификаторы
76248_38908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:42

0 Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызметін Панфилов ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Панфилов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 08 желтоқсандағы "Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы" N 4-54-337 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 2-16-144 нөмірімен тіркелген, "Жаркент өңірі" газетінің 2012 жылғы 01 қаңтардағы 1 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
05 желтоқсан 2013 жыл
05 желтоқсан 2013 жыл

5 Панфилов аудандық мәслихатының

2013 жылғы 5 желтоқсандағы
"Панфилов ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"
N 5-24-165 шешіміне қосымша
Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
45
5.
Карт
8
6.
Бильярд үстелі
8

Қолданыстағы