Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территориях Сарысуского, Байзакского районов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территориях Сарысуского, Байзакского районов
- Атауы (қаз.)
- Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 28.11.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2015 76252_65414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13G0002082
- ЭКБ идентификаторы
- 76252
- Редакция идентификаторы
- 76252_65414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:47
0 Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округіндегі «Гугосян» шаруа қожалығының алмұрт бағынан аса қауіпті карантиндік ауру - жеміс ағашының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora), Сарысу ауданында бақша егістерінен (қарбыз, қауын) аса қауіпті карантиндік зиянкес - қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina) (бұдан әрі - карантинді нысан) анықталғаны туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-09/859 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантинді нысанды толық жойғанға дейін карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Жігітеков
4 желтоқсан 2013 жыл