Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей

Өзге акт · № XX-10 · қабылданған 11.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76281/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей Күшін жойған Өзге акт ·№ XX-10 ·11.12.2013
08.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей

Күшін жойған Өзге акт ·№ XX-10 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей
Атауы (қаз.)
Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
XX-10
Қабылданған күні
11.12.2013
Көрсетілген редакция
08.09.2021 76281_539218.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13TE002821
ЭКБ идентификаторы
76281
Редакция идентификаторы
76281_539218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:36

0 Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 302 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (О. Жанықұлов) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

5 Қызылқоға аудандық мәслихатының

2013 жылғы 11 желтоқсандағы №ХХ-10
шешіміне 1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі

Атаулы күндер мен мереке күндері
Еселігі
1
Жеңіс күні
Жылына бір рет
2
Отан қорғаушылар күні
Жылына бір рет
3
Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - Чернобыль АЭС) апаттың зардабын жою күні
Жылына бір рет
4
Мүгедектер күні
Жылына бір рет
5
Балаларды қорғау күні
Жылына бір рет

6 Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері

Қызылқоға аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ХХ-10 шешіміне 2 қосымша
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері

Әлеуметтік көмек алушылардың
санаттары
Атаулы
күндер
мен мереке
күндері
Әлеуметтік көмектің мөлшері,
теңге
1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
Жеңіс күні
1 000 000
2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери
қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті
шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген
жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет
өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және
мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
100 000
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия
құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар
атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне
қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен
зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына
есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз
Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк
әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;
100 000
4) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың
кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және
"Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы
Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
60 000
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен
олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да
мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
60 000
6) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге
де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы
немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы
салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери
қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 –
6-баптарында аталған адамдардың отбасылары;
30 000
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы
еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және
медальдарымен наградталған адамдар;
100 000
8) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң
немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген
адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
30 000
9) 1941
жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген
(қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен
мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен
наградталмаған адамдар.
30 000
2
1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
Отан қорғаушылар күні
100 000
2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс
қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде
осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери
қызметшiлерi;
4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға
жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке
қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын
қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен
наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
6) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге
де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы,
мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда
немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру
кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген
басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы,
мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе
қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.
3
1) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
Чернобыль АЭС-дағы апатты жою күні
100 000
2) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.
4
Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері
Мүгедектер күні
20 000
5
Мүгедектік тобы белгіленген тұлғаларды қоспағанда, бала мүгедегі
Балаларды қорғау күні
20 000
Аббревиатураны таратып жазу:
АЭС-атом электр станциясы;
КСР-Кеңестік Социалистік Республикалар

Қолданыстағы