Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы
- Атауы (қаз.)
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 534
- Қабылданған күні
- 11.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2014 AI76310_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UE002456
- ЭКБ идентификаторы
- 76310
- Редакция идентификаторы
- AI76310_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:36
0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Әбілдабекке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «11» желтоқсандағы
№ 534 қаулысына 1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Аудан атауы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
республикалық бюджет есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
Бәйдібек ауданы
2846
1426
1420
5 Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «11» желтоқсандағы
№ 534 қаулысына 2 қосымша
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
20903
12578
6 Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «11» желтоқсандағы
№ 534 қаулысына 3 қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
337,35
7084,35
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.