О проведении тендера по государственной закупке автомобильной техники и мебели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении тендера по государственной закупке автомобильной техники и мебели
- Атауы (қаз.)
- Автокөлікті және жиһазды мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 14.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2000 7642_294331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00U000225_
- ЭКБ идентификаторы
- 7642
- Редакция идентификаторы
- 7642_294331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:10
0 Автокөлікті және жиһазды мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу туралы
Ескеру. Күші жойылды - Оңтүстік Қзақстан облысы әкімінің 16.07.2004 № 32 шешімімен.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық және қалалық әкімшіліктерін, облыс әкімшілігінің департаменттерін, басқармаларын, комитеттерін, облыс әкімінің Ташкент және Астана қалаларындағы өкілдіктерін қызметтік жеңіл автокөліктермен, кабинеттік жиһаздармен қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезеңінде облыстық бюджетті тиімді жұмсау мақсатында:
1. Мына құрамда автокөлік техникасы мен жиһаздарды мемлекеттік сатып алу жөнінен облыстық конкурстық комиссия құрылсын:
В.Д. Пляцук - облыс әкімінің бірінші орынбасары, төраға.
Ә.Б. Қыдырбаев - облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары, төраға орынбасары.
А.Ж.Ендібаев - облыс әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары.
Р.Р.Танаев - облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі.
С.О.Кенжебаев - облыс әкімі аппаратының әкімшілік-техникалық қызметінің басшысы.
М.С.Пернебеков - облыстық қаржы басқармасының басқару аппаратын, құқық қорғау органдарын және қорғанысты қаржыландыру бөлімінің бастығы.
А.Ш.Момбекова - облыс әкімі аппараты бухгалтерлік қызметінің бас маманы.
2. Конкурстық сатып алуды ұйымдастыру және облыстық конкурстық комиссияға керекті материалдарды дайындау облыс әкімі аппаратының әкімшілік-техникалық қызметіне жүктелсін.
3. Әлеуметті жеткізіп берушілерге арналған, автокөліктер мен жиһаздарды сатып алу жөнінен тендерге қатысу үшін конкурстық өтініштерді дайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан және қала әкімдері аппараттарына, облыс әкімшілігінің департаменттеріне, басқармаларына, комитеттеріне, облыс әкімінің Ташкент және Астана қалаларындағы өкілдіктеріне автокөліктерді және жиһаздарды бөліп беру жұмыстары облыс әкімі аппаратының бухгалтерлік қызметіне тапсырылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы К. Махамбетовке жүктелсін.
6 Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және автокөліктік техника мен кабинеттік жиһаздарын сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп берушілерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ
Облыс Әкімінің 14.11.2000
жылғы N 391 шешімімен бекітілген
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және автокөліктік
техника мен кабинеттік жиһаздарын сатып
алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп
берушілерге арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және автокөліктік техника мен кабинеттік жиһаздарын сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп берушілерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ /әрі қарай - нұсқаулық/ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Їкіметінің 10.12.1998 жылғы N 1268 санды қаулысымен бекітілген "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулығына" сәйкес әзірленді.
1-тарау. Кіріспе
1. Конкурстың пәні
1) автокөліктік техника мен кабинеттік жиһаздарын сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу туралы бұл нұсқаулық ықтимал жеткізіп берушілерге олардың конкурсқа қатысуы туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
2) Конкурс Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан және қала әкімдері аппараттарына, облыс әкімшілігінің департаменттеріне, басқармаларына, комитеттеріне, облыс әкімінің Ташкент және Астана қалаларындағы өкілдіктеріне автокөліктік техника мен кабинеттік жиһаздарды жеткізіп берушіні анықтау үшін жүргізіледі.
Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің толық тізімі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген.
3) Конкурстың ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты болып табылады.
2. Төлемнің базалық шарттары мен қаржыландырудың көздері.
1) Осы мемлекеттік сатып алу үшін тапсырыс беруші облыстық қаржы басқармасы арқылы қаржыландыратын, жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.
2) Төлемнің базалық шарттары: тауарлардың ақысы келесі шарт бойынша төленеді - 3 айдың ішінде осы мақсатқа бюджет қаражатының лимиті бөлінгенге қарай.
3. Ықтимал жеткізушілердің құқықтылығы және біліктілігі.
Конкурсқа автокөліктік техника мен кабинеттік жиһаздарды жеткізумен айналысатын, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, тек отандық ықтимал жеткізіп берушілер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес келесі біліктілік талаптарын қанағаттандыруы тиіс:
1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа сәйкес мiндеттемелерiн орындауы үшiн кәсiптiк құзыретi, тәжiрибесi, беделi, сондай-ақ қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi болуға;
3) төлем қабiлетi болуға, таратуға жатпауға тиiс, мүлкi алып қойылмауға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылмауға тиiс;
4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кезде және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан кезде бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауға тиiс.
4. Орындалуы тиіс, ілеспе қызмет көрсетулер.
Ықтимал жеткізіп берушілер төмендегі қызметтерді көрсетулері керек:
1) Тапсырыс беруші мен оның өкілдері тауарларды техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігін растау үшін оларды бақылау мен сынауды өткізеді.
2) Сынауға кеткен шығындардың барлығын жеткізіп беруші көтереді.
3) Жеткізіп беруші тауарларды ықтимал жеткізіп берушілерге арналған нұсқаулықтың 1 қосымшасында көрсетілген жерге дейін жеткізіп беруі тиіс.
4) Тауарларды жеткізіп берудің жеріне дейінгі тасымалдауды жеткізіп беруші жүзеге асырады және төлейді, ал осыған байланысты шығындар Шарттың бағасына кіргізіледі.
5) 1 жылдың ішінде кепілдік қызмет көрсетеді.
2-тарау. Конкурстық құжаттама
5. Конкурстық құжаттаманың мазмұны.
Конкурстық құжаттамаға конкурсты өткізу туралы хабарландырудан басқа мыналар кіреді:
1) Осы Нұсқаулық;
2) Сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі /1-қосымша/;
3) Конкурсқа қатысу өтінішінің нысаны (2-қосымша);
4) Ықтимал жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны /3-қосымша/;
5) Бағалар кестесінің нысаны /4-қосымша/;
6) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны /банктік кепіл, 5-қосымша/;
7) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуының қамтамасыз етілуі /банктік кепіл, 6-қосымша/.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық құжаттамада және оған толықтыруларда қамтылған барлық нұсқауларды, нысандарды, шарттар мен техникалық сипаттамаларды зерделеуге тиіс. Конкурстық құжаттамада сұратқан ақпаратты толық бермеу немесе конкурстық құжаттаманың барлық талаптарына сай келмейтін конкурстық өтінімді беру ықтимал жеткізіп беруші үшін тәуекел болып табылады және оның конкурстық өтінімін конкурстық комиссияның қабылдамай тастауына әкеп соғуы мүмкін.
Ықтимал жеткізіп беруші өзінің конкурстық өтінімін әзірлеуге және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырысшы және конкурстық комиссия конкурсты жүргізудің сипатына немесе нәтижелеріне қарамастан осы шығындар бойынша міндеттемелерді көтермейді.
6. Конкурстық құжаттамаларды түсіндіру.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімді тауарлардың барлық түріне жалпылай немесе тауарлар түрлерінің әрқайсысына бөлек беруі мүмкін.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық құжаттама ережелеріне түсіндірме беру туралы сауал салуға құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейінгі 10 күннен кешіктірілмеуі керек.
7. Конкурстық құжаттамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
1) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің жеке бастамасымен не қандай да бір ықтимал жеткізіп берушінің тарапынан түскен түсіндірме беру туралы сауалға жауап ретінде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы.
2) Конкурсты ұйымдастырушы бұл толықтыруды конкурстық құжаттаманы берген барлық ықтимал жеткізіп берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал жеткізіп берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал жеткізіп берушілер үшін міндетті күші болады, бұл орайда конкурстық өтінім берудің мерзімі осындай соңғы толықтырулар туралы ықтимал жеткізіп берушілерге хабарланған күннен бастап есептеледі.
3-тарау. Конкурстық өтінім
8. Конкурстық өтінімнің тілі.
Ықтимал жеткізіп беруші дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты корреспонденция мен құжаттардың барлығы, осы конкурстық құжаттама жасалған тілде әзірленіп, ұсынылады.
9. Конкурстық өтінімнің мазмұны.
Ықтимал жеткізіп беруші дайындаған конкурстық өтінім 2-қосымшаға сәйкес келесі құрамнан тұруы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) Ықтимал жеткізіп берушінің құқылылығы мен біліктілігін дәлелдейтін құжаттар;
3) Тауарларды сатып алуға жарайтындығын және олардың конкурстық құжаттарға сәйкес екендігін дәлелдейтін құжаттар;
4) Бағалар кестесі;
5) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
6) Конкурстық өтінімге қол қоюға және конкурстық комиссия отырысына қатысуға сенімхат.
10. Конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны.
Ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімінің нысаны 2-қосымшада көрсетілген және қатаң түрде соған сәйкес болуы тиіс.
11. Конкурстық өтінімнің бағалар кестесі.
Ықтимал жеткізіп беруші 4-қосымшаға сай нысанындағы бағалар кестесінде және өзінің конкурстық өтініміне сәйкес, жеткізіп беруге ұсынып тауарлардың бірлігі үшін бағасын, жалпы бағасын көрсетеді.
Тауарлар бағасына, өзіндік құнынан басқа мыналар кіреді:
1) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында айтылған, тауарларды жеткізіп беру жеріне дейінгі тасымалдау шығындары;
2) Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген барлық салықтар, баждар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар.
Ықтимал жеткізіп беруші ұсынған бағалар, мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалып болған мерзімге дейін қатаң түрде сақталып, ешқандай жағдайда өзгертілмеуі тиіс.
12. Конкурстық өтінімнің және төлемнің валютасы.
1) Отандық ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі тиіс.
2) Отандық жеткізіп берушілерге нақты төлем теңге түрінде облыстық қаржы басқармасының бюджет қаржысының лимитін бөлуіне байланысты жүзеге асырылады.
13. Ықтимал жеткізіп берушінің құқықтылығы мен біліктілігін растайтын құжаттар тізбесі.
Конкурсқа автокөліктік техника мен жиһаздарды немесе әрқайсысын бөлек жеткізіп берумен айналысатын Қазақстан Республикасында тіркелген отандық ықтимал жеткізіп берушілер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал жеткізіп берушілер берушілер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын келесі құжаттарды беруі тиіс:
1) ұйым бланкісінде жасалған кәсіби білімі, тәжірибесі, беделі, мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілетін міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары барын растайтын, бірінші басшының қолы қойылған хат;
2) құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) ықтимал жеткізіп берушінің қаржылық жай-күйі туралы банктің анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі;
4) ықтимал жеткізіп берушінің салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағандығы туралы тиісті салық органының анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі.
14. Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуға жарамдылығын растайтын құжаттардың тізбесі және олардың тізбесі және олардың конкурстық құжаттарға сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал жеткізіп берушілер, тауарлардың сатып алуға жарамдылығын растайтын және олардың конкурстық құжаттамаларға сай екендігін дәлелдейтін келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Сатып алынатын тауарлардың техникалық және сапалық сипаттамалары;
2) Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері;
3) Тауарларға кепілдік мерзімі кезінде және одан кейін қызмет көрсету.
15. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімді қаржымен, банктік кепілдікпен, мүліктік кепілдік немесе ықтимал жеткізіп беруші жеткізіп беретін тауардың жалпы құнының 3 пайызы мөлшерінде құнды қағаздармен қамтамасыз етеді, олардың іске асу мерзімі конкурстық өтінімнің іске асу мерзімінен кем болмауы керек.
Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге ақша қаражаты конкурсты ұйымдастырушының /облыс Әкімі Аппаратының/ есепшотына конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін аударылады. Конкурстық өтінімді банктік кепіл ретінде қамтамасыз ету 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімді мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, егер ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін барлық қажетті құжаттарды конкурсты ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рәсімдеген болса, енгізілген болып есептеледі. Конкурстық өтінімді ақша қаражаты, мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанша ықтимал жеткізіп берушінің конкурс ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажетті құжаттарды нотариалды түрде рәсімдеген жағдайда, жүзеге асырылды деп есептеледі.
Барлық қамтамасыз етілмеген конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия конкурс талабына сай еместігі ретінде қабылдаудан бас тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің ықтимал жеткізіп берушіге:
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген;
3) мемлекеттік сатып алу рәсімдері конкурс жеңімпазы анықталмай тоқтатылған;
4) конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынған;
5) басқа ықтимал жеткізіп беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайларда қайтарады.
Конкурстық өтінімді қайтарып беру жоғарыда аталған жағдайлар пайда болған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Конкурс жеңімпазының конкурстық өтінімді қамтамасыз етуін мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты қамтамасыз ету жүзеге асырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал жеткізіп беруші енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді, егер ықтимал жеткізіп беруші:
1) конкурстық өтінім табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) конкурс жеңімпазы деп танылып, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған;
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада талап етілсе, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін енгізбеген кездерде қайтарылмайды.
16. Конкурстық өтінімнің іске асу мерзімі.
Барлық ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің іске асу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 45 күннен кем болмауы тиіс.
17. Конкурстық өтінімді рәсімдеу және қол қою.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық сұранымның түпнұсқасы мен көшірмесін "Түпнұсқа" және "Көшірме" деп көрсетіп тапсыруы қажет.
Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен барлық көшірмелері басып шығарылуы немесе жуылып кетпейтін сиямен жазылуы және ықтимал жеткізіп берушінің қолы қойылған болуы тиіс. Қатарлар арасында ешқандай қыстырмалар мен жөндеулер болмауы тиіс.
4-тарау. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінім беру
18. Конкурстық өтінім бар конверттерді желімдеп жабу және талдау.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен көшірмесін жеке-жеке конверттерге салып желімдеп, тиісінше оларды "түпнұсқа" және "көшірме" деп белгілеуі тиіс. Ол конверттерде ықтимал жеткізіп берушінің атауы мен мекен-жайы көрсетілуге, сонан-соң конверттер сыртқы конверттерге салынып жабылуы тиіс.
19. Конкурстық өтінімді табыс ету орны және соңғы мерзімі.
Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға мына мекен-жайға ұсынылады: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6-үй, 2000 жылдың 18 желтоқсаны сағат 18.00-ге дейін.
20. Конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етілген конкурстық өтінімдер.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушыларға келіп түскен барлық конкурстық өтінімдер қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған ықтимал жеткізіп берушілерге қайтарылады.
21. Конкурстық өтінімдердің өзгерістері және оларды кері қайтарып алу.
Ықтимал жеткізіп беруші, өзі енгізген өзінің конкурстық өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімдерін өзгерте алады немесе кері қайтарып ала алады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.
22. Конкурстық өтінімдерді табыс ету.
Конкурстық өтінімдерге конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ешқандай өзгеріс енгізілмеуге тиіс.
Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі мен конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы күні аралығында конкурстық өтінімдерді кері қайтарып алуға тыйым салынады.
5-тарау. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау
23. Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашуы.
Конкурстық комиссия, конкурстық өтінім конверттерін барлық келген ықтимал жеткізіп берушілердің қатысуымен 2000 жылдың 19 желтоқсанында сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй мекен-жайында ашады.
24. Конкурстық өтінімдерді алдын ала зерделеу және бағалау.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 10 күнге дейін олардың мазмұнымен танысуға, сырттан автомобиль техникасы мен кабинет жиһаздары саласындағы мамандарды ықтимал жеткізіп берушілердің тауарлары мен қызметтеріне анықтама беруге тартуға құқылы.
25. Ықтимал жеткізіп берушілердің қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау тәсілдері мен өлшемдері.
Конкурстық комиссия Заңның 10-бабының 1-тармағында айтылған, ықтимал жеткізіп берушінің біліктілік талаптарына сай келуін қарайды.
26. Конкурстық өтінім бағасын ортақ валютаға аудару.
Ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық сұранымдарындағы тауарлардың бағалары шет ел валютасында көрсетілсе, олар Қазақстан Республикасы валютасына ҚР Халықтық банкісінің конверттер ашылған күніндегі өлшеміне сай аударылады.
27. Конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді заңға, тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес бағалайды, салыстырады және бағаның төменгі критерийлерін ескере отырып, ең төменгі баға негізінде жеңімпаз конкурстық өтінімді анықтайды:
1) конкурстық өтінімдерде ұсынылған жеткізілім, жұмыстарды аяқтау және қызмет көрсету мерзімдері;
2) конкурстық өтінімдерде ұсынылған төлем шарттары;
3) конкурстық өтінімдерде ұсынылған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге кепілдік шарттары;
4) тауарға байланысты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар;
5) ұсынылған техниканың пайдалану сипаттамасы және өнімділігі;
6) отандық ықтимал жеткізіп берушілерді және тауар өндірушілерді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.
28. Басымдылық беру шарттары.
Автомобильдік техника мен жиһазды мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыруда конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу үшін жалпы сатып алу көлемінен 10 пайызға дейін көлемді резервтеуді қарастырады.
Автомобильдік техника мен жиһазды мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыру барысында кәсіпкерлік субъектілерден конкурстық өтінім келіп түспеген жағдайда ұйымдастырушы заңда қарастырылған тәртіп бойынша жалпы негіздерде сатып алуды жүргізуге құқылы.
Отандық ықтимал жеткізіп берушілер мен тауар өндірушілер, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері ұтқан конкурстық өтінімдерді айқындаған кезде, егер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарлар бойынша жергілікті еңбек, шикізат және өндіріс ресурстарын пайдалану құндық көрінісінде олардың құнының кемінде 50 пайызын құраса, басымдыққа ие болады. Конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімдердің бағасын шартты түрде 10 пайызға кемітеді.
6-тарау. Жеңген конкурстық өтінімді анықтау және шарт жасасу
29. Жеңген конкурстық өтінімді анықтау.
Конкурстық өтінім жеңімпазын анықтау Заңға, Тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес әрбір конкурстық өтінімнің жалпы шартты бағасын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Шартты бағасы біршама төмен конкурстық өтінім жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің шартты бағасы тең болған жағдайда эксплуатациялық сипаттамалары мен өнімділігі біршама жоғары тауар ұсынушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылады.
Конкурс қорытындысы Заңға сәйкес рәсімделеді.
30. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт конкурстың жеңімпазымен конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаннан кейін 3 күн ішінде жасалады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюшы тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа конкурс жеңімпазы және жеңімпаздан кейінгі артықшылықты ықтимал жеткізіп беруші анықталған шарттардан өзгеше әлдеқандай өзгерістер енгізуге құқылы емес.
Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт оны тапсырыс беруші қазыналық органда тіркеуден өткізгеннен кейін және жеткізіп беруші келісім шартты толық қамтамасыз еткеннен кейін күшіне енеді.
31. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылған кезден бастап 10 күн ішінде жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуына банктік кепіл, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың жалпы сомасына 5 пайыз көлемінде ақша қаражаттарын, мүлік немесе бағалы қағаздарды кепілге қалдырады.
Келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ететін ақша қаражаттарын жеткізіп беруші конкурсты ұйымдастырушының есеп шотына аударады. Банктік кепіл түрінде келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделеді.
Тапсырыс беруші өнім жеткізіп берушінің осы шарт бойынша міндеттемелерін толық және дұрыс орындап біткен сәттен бастап 5 күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізген қамтамасыз етуін қайтарып береді. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуегер жеткізіп беруші:
1) тауарларды жеткізіп беру мерзімін бұзса;
2) сапасыз тауар жеткізіп берсе;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын бұзса.
101 Автомобильдік техника бойынша сатып алынатын тауарлар/қызмет көрсетулердің тізімі
1-қосымша
Автомобильдік техника бойынша сатып алынатын тауарлар/қызмет
көрсетулердің тізімі
---------------------------------------------------------------------------
N Тапсырыс Тауарлардың Тауарлардың Өлшем Өлшем Тауарды Тауарды
берушінің қызметтердің қысқаша бірлігі бірлігінің жеткізу жеткізіп
атауы атауы сипаттамасы саны /қажетті- мерзімі беру
лік көлемі/ орны
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
---------------------------------------------------------------------------
1 облыс ГАЗ-3102 шығарылған комплект 10 01 ақ- Шымкент
әкімінің жеңіл жылы-2000 ж. панға қаласы
аппараты автокөлігі 5000 кило- дейін "Облыс
метрден артық әкімші-
жүрмеген, лігінің
Двигателі- автоша-
ЗМЗ 406, руашылы-
Бензин-А80, ғы" МКК
КПП механика-
лық 5 баспал-
дақты, Авто-
магнитоланың
шығу қуаты 35
ваттан кем
болмауы тиіс,
квадро колон-
калар әрқайсы-
сы 10 ваттан
кем емес,
электроника-
лық антенна,
құрал-сайман-
дар жиынтығы,
барлық есік-
теріндегі
әйнекжапқыш-
тары электро-
никалық, кол-
пактар.
2 облыс ГАЗ-3102 шығарылған комплект 25 01 ақ- Шымкент
әкімінің жеңіл жылы-2000 ж. панға қаласы
аппараты автокөлігі 5000 кило- дейін "Облыс
метрден артық әкімші-
жүрмеген, лігінің
түсі-ақ болу автоша-
ықылас, руашылы-
Двигатель- ғы" МКК
ЗМЗ 406,
Бензин-А80,
КПП механика-
лық 5 баспал-
дақты, авто-
магнитола,
электроника-
лық антенна,
құрал-жабдық-
тар жиынтығы,
колпактар.
3 облыс Ниссан- шығарылған коплект 3 01 ақ- Шымкент
әкімінің Максима жылы 1999- панға қаласы
аппараты жеңіл 2000 ж. дейін "Облыс
автокө- 10000 кило- әкімші-
лігі метрден артық лігінің
жүрмеген, автоша-
түсі-металлик, руашылы-
двигатель-3,0 ғы" МКК
дм, КПП механи-
калық 5 баспал-
дақтық, толық
электропакет,
кондиционер,
титаннан жасал-
ған дискілер.
4 облыс Тойота не- шығарылған коплект 1 01 ақ- Шымкент
әкімінің месе жылы 1999- панға қаласы
аппараты Фольксва- 2000 ж. дейін "Облыс
ген микро- 10000 кило- әкімші-
автобусы метрден артық лігінің
жүрмеген, автоша-
жолаушы сый- руашылы-
ымдылығы 12 ғы" МКК
орын, двигатель
бензинді
кондиционер,
КПП механи-
калық 5 баспал-
дақтық.
5 облыс Daewwo 15000 кило- 1 01 ақ- Шымкент
әкімінің "Damas" метрден артық панға қаласы
аппараты минивэны жүрмеген дейін "Облыс
әкімші-
лігінің
автоша-
руашылы-
ғы" МКК
Кабинеттік жиһаздар бойынша сатып алынатын тауарлар/қызмет
көрсетулердің тізімі
N Тапсырыс Тауарлардың Таурлардың Өлшем Өлшем Таурды Тауарды
берушінің қызметтердің қысқаша бірлігі бірлігінің жеткізу жеткізіп
атауы атауы сипаттамасы саны /қажетті-мерзімі беру
лік көлемі/ орны
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Облыс Ауданы Жазу столы- комплект 1 01 ақ- Шымкент
әкімінің _____ 1, жазу панға қаласы,
аппараты шаршы метр үстеліне ар- дейін облыс
кабинетке налған ко- әкімі
арналған мод-1, кон- аппа-
жиһаз ференц ратының
комплекті үстелге ар- қоймасы
налған
креслолар-
12, қосымша
үстел-1, оң
жақ бұрыш-
тық жазу
үстелі 1,
конференц
үстел-2,
қосатын
үстел-2,
жұмсақ жи-
ћаз-1,
қабырға-1.
2 Облыс Ауданы Жазу столы- комплект 2 01 ақ- Шымкент
әкімінің _____ 1, жазу панға қаласы,
аппараты шаршы метр үстеліне ар- дейін облыс
кабинетке налған ко- әкімі
арналған мод-1, сол аппа-
жиһаз жақ бұрыш- ратының
комплекті тық жазу қоймасы
үстелі 1,
қосатын
үстел-4,
жұмсақ жи-
ћаз-1,
қабырға
комплекті-1
конференц
үстел-2,
кресло-10.
3 Облыс Ауданы Жазу столы- комплект 5 01 ақ- Шымкент
әкімінің _____ 1, үстелге панға қаласы,
аппараты шаршы метр арналған дейін облыс
кабинетке комод-1, әкімі
арналған жазу үстелі- аппа-
жиһаз 1, қосымша ратының
комплекті үстелі 1, қоймасы
конференц
үстел-2,
кресло-12,
қабырға
комплекті-1.
4 Облыс Ауданы Жазу столы- комплект 2 01 ақ- Шымкент
әкімінің _____ 1, оргтех- панға қаласы,
аппараты шаршы метр никаға дейін облыс
қабылдау арналған әкімі
бөлмесіне үстел-1, аппа-
арналған үстелге ратының
жиһаз арналған қоймасы
комплекті комод-1,
кітап
шкафы-1,
киімге ар-
налған шкаф-
1, киім іл-
гіш-1, жұм-
сақ орындық-
тар-5, хатшы
креслосы-1.
5 Облыс Ауданы Жазу столы- комплект 2 01 ақ- Астана
әкімінің _____ 4, үстелге панға және
аппараты шаршы метр арналған дейін Ташкент
кабинетке комод-3, қала-
арналған қосымша ры,
жиһаз үстел-2, облыс
комплекті жұмсақ әкімінің
орындықтар- өкілдік-
10, кресло- тері
1, кіта
шкафы-2,
киімге ар-
налған шкаф-
2,оргтехника-
ға арналған
үстел.
6 Облыс Жиһаз Астана
әкімінің комплекті қаласындағы
аппараты облыс
әкімінің
өкілдігіне
арналған
жиһаздың
кешенді
жиынтығы
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің толық сипаты техникалық ерекшелігінде көрсетіледі.
Конкурс ұйымдастырушының басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы.
102 Конкурсқа қатысуға өтінім
2-қосымша
Кімге ____________________________________________________________
конкурсты ұйымдастырушының атауы
Кімнен ____________________________________________________________
ықтимал жеткізіп берушінің атауы
Конкурсқа қатысуға өтінім
___________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, оның алынғандығы осымен куәландырылады, ________________________________
___________________________________________________________________,
(ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
мына тауарлардың жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер жеткізілімін жүзеге асыруды ұсынады: ________________________________________________
___________________________________________________________________
(тауардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің егжей-тегжейлі сипатттамасы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес, жалпы сомасы _______________________
___________________________________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________
9. ________________________________________________________________
10. _______________________________________________________________
Біз біздің конкурстық өтініміміз ұтып шыққан деп танылған ретте, тауарлар жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсету)___________ күн (жазумен)
ішінде бастауға және осы конкурстық өтінімде көрсетілген барлық тауарлардың жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсету), біздің конкурстық өтінімімізді ұтып шыққан деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап _____________ күн ішінде аяқтауға міндеттенеміз.
(жазумен)
Біз конкурстық құжаттамада көрсетілген төлемнің базалық ережелерімен келісеміз. Төлемнің мынадай балама ережелерін ұсынамыз: _____________________________________________________________________
(төлемнің балама ережелері, егер олар бар болса, тізіп көрсетіледі)
және бұл орайда мынадай мөлшерде баға шегерімін береміз
________________________________________________________________
(ақша түрінде көрсетілсін, жазумен)
________________________________________________________________
Біздің конкурстық өтініміміз танылған ретте, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының _______________проценті болатын сомада енгіземіз.
(жазумен)
Осы конкурстық өтінімнің конкурстық өтінім ашылған күннен бастап _________________күн ішінде күші болады.
(жазумен)
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейін осы конкурстық өтінім оны ұтып шыққан деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқарады.
___________________________________ атынан және тапсыруы бойынша
(ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
____________________ _______________________________
(Қолы, күні, айы, жылы) (Қызметі, тегі,аты, әкесінің аты)
М.О.
__________________________
егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса, көрсетіледі.
103 3-қосымша
Біліктілік мәліметтері /ықтимал жеткізіп беруші толтырады/
1. Қатысушының заңды жағдайы_______________________________________
/Мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттардың көшірмесі қосылып беріледі/
Тіркелу орны:_____________________________________________________
Негізгі қызмет атқару орны:_______________________________________
_______________________________________берілген лицензияның нөмірі
/лицензияның көшірмесі қосылып беріледі/
Өкілдің конкурсқа қатысуға және конкурстық құжаттарға қол қою
құқығын беретін сенімхат /қосылып беріледі/.
2. Алдыңғы үш жыл ішінде тауарларды жеткізу мен көрсеткен
қызметтердің теңгемен жалпы көлемі_____________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Соңғы үш жылдың ішінде осындай сипаттағы негізгі жеткізіп
беруші /қызмет көрсетуші/ ретінде атқарған жұмыстары. Ақысы теңгемен
көрсетіледі.
__________________________________________________________________
!Тауардың /қызметтің/! Тапсырыс берушінің! Келісім шарттың !
! атауы ! атауы ! /контракттің/ бағасы !
__________________________________________________________________
! ! ! !
4. Жеткізіп беруші ұйымының шешуші лауазымдарындағы қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі.
__________________________________________________________________
!Лауазымы! Т.А.Ә.!Жалпы жұмыс тәжірибесі!Жеткізіп беруші ретіндегі!
! ! ! /жыл/ ! тәжірибесі /жыл/ !
__________________________________________________________________
! ! ! ! !
5. Негізгі қосалқы мердігерлер бойынша ұсыныстар /егер бар болса/
____________________________________________________________________
!Сипаты немесе атауы!Қосалқы мердігер/аты, орналасу жері,сым-тетігі/!
____________________________________________________________________!
! ! !
6. Қаржы қорлары туралы мәліметтер /қаржы, кредит қорлары және т.
б./. Төменді тізімін келтіріп, дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін қосып
беру.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Ұйымдастырушының мәлімет алуға жолдана алатын қатысушының банкінің
атауы, сымтетігінің, телексінің және телефаксінің нөмірі.
8. Қатысушы қатысып отырған ағымдағы сот даулары туралы мәліметтер.
____________________________________________________________________
!Даулардың басқа да жақтары!Даудың негізі!Дауланып жатқан сома, !
! ! !теңге. !
!__________________________!_____________!__________________________!
! ! ! !
9. Кепілдемелер туралы мәліметтер. Кепілдеме хаттардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың сын пікірлерін тізімін және олардың көшірмелері қоса
беріледі._____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының басқа да талаптарына сай екендігін растайды.
Барлық мәліметтердің дұрыс екендігін растаймын.
Қолы________________
М.О.
Лауазымы_______________________ ___________________________
/Т.А.Ә./
104 (Ықтимал жеткізіп берушінің атауы) ықтимал жеткізіп берушінің конкурстық өтінімінің Бағалар кестесі
4-қосымша
(Ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
ықтимал жеткізіп берушінің конкурстық өтінімінің
Бағалар кестесі
__________________________________________________________________________
| | Тауарлардың, жұмыстардың және қызмет
| | көрсетулердің атауы
| |_________________________________________
| | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|1. Қысқаша сипаттама | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|2. Шыққан елі | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|3. Өлшем бірлігі | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|4. Бірлік бағасы, ________ | | |
|___________(баратын жері) | | |
| | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|5. Саны (көлемі) | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6. Жалпы бағасы, _________ | | |
|___________ (баратын жері) | | |
| | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|соның ішінде: | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.1. Тасымалдау құны | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.2. Сақтандыру құны | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.3. Кеден бажын төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.4. Салық төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.5. Салық төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.6. Алымдар төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.7. | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|6.8. | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|7. Жинақтаушы детальдардың, | | |
|міндетті запас бөлшектердің | | |
|және пайдаланудың бастапқы | | |
|кезеңі ішінде өлшем бірлігіне | | |
|қызмет көрсету құны | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|соның ішінде: | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|7.1. | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|7.2. | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
|8. Басқа да пайдалану | | |
|шығындары | | |
|________________________________|____________|______________|_____________
_________________ _________________________________
(Қолы) (Қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
105 Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны (банктік кепіл)
5-қосымша
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы: _______________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
_______________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N _______ Кепілдік міндеттеме
_____________________ "_____" ___________________ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ___________________
__________________________________________________________________
(ықтимал жеткізіп берушінің атауы) __________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырылатын _____________________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және жалпы сомасы _____________________ теңге болатын (жазумен) ___________________________________________________________________
(тауардың, жұмыс пен қызметтің атауы және көлемі)
________________ жеткізілімді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) жүзеге асыруға әзір екендігінен хабардар болдық.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі _______________________ж.
"___"_____________ конкурстық құжаттамамен ықтимал жеткізіп берушінің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі банктік кепілдік түрінде көзделген.
Осыған байланысты біз ________________________ өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша, сондай-ақ Өнім берушінің:
- конкурстық өтінімдерді тапсырудың ақырғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері шақырып алған немесе өзгерткені;
- белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағаны;
- конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбегені туралы жазбаша растама бойынша. Сізден төлеуге арнап алынған жазбаша талап бойынша сомаға тең
_____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
төлеу үшін қайтарылып алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме конкурстық комиссияның Өнім берушінің конкурстық өтінімін қабылдауға тиісті сәтінен бастап күшіне енеді.
Аталған кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімі күшінің ақырғы мерзіміне дейін қолданылады және бізге бұл құжаттың қайтарылғандығына не қайтарылмайтындығына қарамастан, егер Сіздің жазбаша талап етуіңізді біз осы күннің соңына дейін ала алмайтын болсақ, автоматты түрде толық күшін жояды.
Осы кепілдік міндеттемемен байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдердің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі
106 Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету нысаны (банктік кепіл)
6-қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды
қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы: ______________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:_______________________________________________________________
(тапсырысшының атауы мен деректемелері)
N_______ Кепілдік міндеттеме
_________________ "____"___________2000 ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "жеткізіп беруші" деп аталатын _______________________
_____________________________________________________________________
(жеткізіп берушінің атауы)
_____________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) арналған мемлекеттік сатып алу туралы
_______ж. N_____________________Шарт жасасқаны назарға алына отырып
және осы Шартта Сіз Өнім жеткізуші Шарттың орындалуын жалпы сомасы ______
____________________теңге болатын банктік кепіл түрінде орындауды қамтамасыз етуді енгізетіндігін көздедіңіз.
Осыған байланысты біз ____________________________ осы арқылы
(банктің атауы)
жоғарыда аталған Шарт бойынша кепіл болып табылатындығымызды растаймыз және өзімізге Сіздің талап етуіңізге тең соманы, Сізден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ жеткізіп берушінің Шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны туралы жазбаша растама алынған бойда ______________________________ төлеу үшін өзімізге қайтарып
(сомасы цифрмен және жазумен) алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жеткізіп берушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтіне дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі