О создании Центра социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Центра социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства
- Атауы (қаз.)
- Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 216
- Қабылданған күні
- 13.12.2000
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2000 7643_258785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000627
- ЭКБ идентификаторы
- 7643
- Редакция идентификаторы
- 7643_258785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:07
0 Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 39 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы" 2000 жылдың 16 наурыздағы N 408 қаулысын орындауда белгілі тұрағы жоқтарға, медициналық және өзгеде көмек көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Орал қаласының әкімі В.К. Мұқатаевқа:
1) заңға сәйкесті Орал қаласында тұрағы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімделу орталығын құрсын;
2) орталықты керекті қызметіне, ұйымның Ережелеріне сәйкесті, тұрағы жоқ адамдарға арналған Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрінің 2000 жылдың 25 сәуіріндегі N 99-П бұйрығы негізінде қамтамасыз етсін;
3) орталықты ұстау қаржысы қалалық бюджетте жыл сайын қаралып отыратын болсын.
2. Облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы (Кенжеғалиев) 2000 жылдың 15 желтоқсанына дейін белгілі тұрағы жоқ адамдарға бос тұрған пайдалануға жарамды ғимаратты Орталықтың балансына беретін болсын.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 2001 жылдың облыс бюджетінде берілген ғимаратты жөндеуге, жұмсақ және қатты құралдар алуға белгілі тұрағы жоқтарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына шығыстар қаражатын бөлуді қарасын.
4. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы (Рахымжанов) 2000 жылдың 15 желтоқсанына дейін тұрағы жоқ адамдарға арналған орталыққа баратын адамдарды іріктеп қарап, әзірлігін қамтамасыз етсін.
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Мырзахметов) облыстық денсаулық сақтау (Қадырбеков), Батыс Қазақстан ішкі істер бөлімі басқармаларымен келісе отырып Орталыққа практикалық көмектер беріп, құжаттарын жасақтауға, тұрақты әдістемелік тағы басқалай көмектерді үнемі көрсетіп отыруы тиіс.