Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 28.11.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 76434_49871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13G0002097
- ЭКБ идентификаторы
- 76434
- Редакция идентификаторы
- 76434_49871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:47
0 Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2 2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі (Н. Ержанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Рахматілда Сегізбайұлы Рахманбердиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 360 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына сәйкес әзірленген, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға негізделген және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкім аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың) мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) негізгі мінез-құлқының стандарттарын белгілейді.
2
2. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіретінін сезіне отырып, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы, көпшілік алдында сөйлеу қағидаларын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқын қатаң сақтау тиіс.
3 3. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарынмен белгіленген міндеттерді бұлжытпай орындаулары тиіс, соның ішінде:
1 1) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
2 2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
3 3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға;
4 4) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
6 6) заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7 7) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқаруға;
8 8) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
9 9) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
10 10) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
11 11) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
12 12) басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
13 13) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге міндетті.
4
4. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі, сондай-ақ басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.