Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, а также границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Жанакорган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, а также границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Жанакорган
- Атауы (қаз.)
- Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелер үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 29.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2013 AI76443_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LG004572
- ЭКБ идентификаторы
- 76443
- Редакция идентификаторы
- AI76443_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:45
0 Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелер үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының Жер кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексiнің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3
3. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 100 "Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасын түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-7-68 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2009 жылдың 28 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
1-қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақоған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
6 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
2-қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары
N
Аймақ нөмірі
Аймақтардың шекаралары
Аймақ көлемі, га
1
I
Аймақтың шекарасы, солтүстігі "Алматы-Мәскеу" темір жолымен оңтүстік теміржол өткелге дейін, оңтүстігі Аманкелді көшесінің бойымен, Алтынсарин көшесінің қиылысымен, әрі қарай көшенің бойымен, батысы Сырдария өзенінің бөгетін бойлап темір жолдың бойындағы су торабымен түйіседі.
590,1
2
II
Аймақтың шекарасы, солтүстігі "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығы, "Жаңақорған-Шалқия" автожолының қиылысымен, шығысынан автожолды бойлап "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетімен, оңтүстік шығысы "Жаңақорған- "СКЗ-U" ЖШС" автожолын бойлап шипажайға баратын автожолдың қиылысымен, кенттің шекарасын бойлап Қожанов көшесімен, темір жол өткелімен, әрі қарай "Алматы -Мәскеу" темір жолын бойымен, солтүстік батысы "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығы қиылысымен түйіседі.
1210,1
3
III
Аймақтық шекарасы, солтүстігі Алтынсарин көшесі, Аманкелді көшесінің қиылысымен, шығысынан темір жол өткелімен, Қожанов көшесімен бойлап шипажайға дейін, оңтүстігі кенттің шекарасын бойлап Алтынсарин көшесінің қиылысымен түйіседі.
401,8
4
IV
Бірінші учаскесі: аймақтық шекарасы, солтүстік шығысы "Жаңақорған-Жайылма" автожолының бойы және "Жаңақорған-Шалқия" темір жолының қиылысымен, солтүстік-шығысы "Жаңақорған-Шалқия" теміржол тұйығын бойлап "Алматы-Мәскеу" темір жолының қиылысымен, оңтүстік батысы "Алматы-Мәскеу" темір жолын бойын және кенттің шекарасын бойлап "Жаңақорған-Жайылма" автожолымен түйіседі.
317,5
Екінші учаскесі: оңтүстігі "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетінен кенттің шекарасына дейін, солтүстік шығысы "Жаңақорған-Шалқия" автожолын бойлап кенттің шекарасымен, "Жаңақорған-"СКЗ-U" ЖШС" автожолын бойлап "Sinooil" жанар-жағар май құю бекетімен түй-седі.
309,5
7 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы N 170 шешіміне
3-қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
N
Аймақ нөмірі
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
1
I
2,0
2
II
1,6
3
III
1,2
4
IV
0,8