Об утверждении Правил предоставления сетей и средств связи операторами связи в условиях чрезвычайного положения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления сетей и средств связи операторами связи в условиях чрезвычайного положения
- Атауы (қаз.)
- Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1489
- Қабылданған күні
- 31.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2015 AI76488_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001489
- ЭКБ идентификаторы
- 76488
- Редакция идентификаторы
- AI76488_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:10
0 Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидаларын бекіту туралы
«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары бекітілсін.
2 Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1489 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидалары «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезінде байланыс желілері мен құралдарын пайдалану кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру тәртібін айқындайды.
2
2. Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының Президенті құратын мемлекеттік органдарға және арнайы мемлекеттік басқару органдарына үкіметтік байланысты, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, әскери басқару органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басым пайдалану, сондай-ақ тоқтата тұру мүмкіндігі беріледі.
2 2. Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру тәртібі
3
3. Байланыс желілері мен құралдарын басым пайдалану төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды қабылдау, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4
4. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысатын және мемлекеттік органдар мен арнайы мемлекеттік басқару органдарына байланыс желілерін, құралдарын және көрсетілетін қызметтерін беру түрлерін, санын және мерзімін мемлекеттік органдардың және арнайы мемлекеттік басқару органдарының басшылары айқындайды.
Бұл ретте, байланыс операторлары, байланыс желілері мен құралдарының иелері техникалық мүмкіндік болған жағдайда, осы мемлекеттік органдарға және арнайы мемлекеттік басқару органдарына шеткі (терминалдық) жабдықтарды қоса алғанда, алдын ала шарттар жасаспай, өтінімдердің келіп түсу шамасына қарай кезектілік тәртібімен өзге тұтынушылардың алдында байланыс арналарын, байланыс желілерін, байланыс құралдарын, байланыс қызметтерін басымдықпен пайдалануға ұсынады.
5 5. Байланыс құралдарын беру және кері қайтару байланыс операторларының және мемлекеттік органдар мен арнайы мемлекеттік басқару органдарының уәкілетті өкілдері қол қоятын қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
6
6. Байланыс операторлары, байланыс желілері мен құралдарының иелері төтенше жағдай кезінде адам өмірінің теңізде, құрлықта, ауада, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті сақтау саласындағы шұғыл шараларды өткізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолютті басымдық береді.
7
7. Байланыс операторлары, байланыс желілері мен құралдарының иелері Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі және «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі заңдарына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға төтенше жағдай кезінде барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдық және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, көрсетілген іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария етілуіне жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қабылдауды қамтамасыз етіледі.