Құжат мәтініне өту

О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Қаулы · № 1882 · қабылданған 22.12.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7660/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей Күшін жойған Қаулы ·№ 1882 ·22.12.2000
19.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Күшін жойған Қаулы ·№ 1882 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
Атауы (қаз.)
Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1882
Қабылданған күні
22.12.2000
Көрсетілген редакция
19.02.2011 AI7660_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001882_
ЭКБ идентификаторы
7660
Редакция идентификаторы
AI7660_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:05

0 Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке мiндеттi орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгiлеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 279-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулының қосымшасында:
2-тармақ "тұратын адамдар," деген сөздерден кейiн "жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1 1) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру мүмкiндiгiн анықтау мақсатында, меншiк нысанына қарамастан, қалалық және ауылдық жерлерде кәсiпорындар мен ұйымдарға зерттеу жүргiзсін;

2

2) жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша талдауды, жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi жұмысқа жiберу үшiн, жыл сайын оқу жылының аяқталуына екi ай қалғанда Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ұсынсын;

3 3) жұмыс iстеп тұрған ұйымдарда, меншiк түрiне қарамастан, жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн жұмыс орындарын квоталауды қамтамасыз етсiн;

4 4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде басқа да қажеттi шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан

Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, жыл
сайын IV тоқсанда Қазақстан Республикасының Yкiметiн осы қаулының орындалу
барысы туралы хабардар етiп отырсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға

жатады.

Қолданыстағы