Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности

Қаулы · № 782 · қабылданған 30.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76606/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 782 ·30.12.2013
17.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 782 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
782
Қабылданған күні
30.12.2013
Көрсетілген редакция
17.03.2014 76606_188053.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BN003980
ЭКБ идентификаторы
76606
Редакция идентификаторы
76606_188053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:13

0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 20-161 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Тақабаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Зеренді ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 782 қаулысына қосымша
Зеренді ауданының бюджеті есебінен лауазымдық жалақыны жиырма бес пайызға жоғары алуға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамтамасыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) мамандар (бас, аға), соның ішінде: инспектор, кеңесші (соның ішінде әлеуметтік жұмыс бойынша), қарау бойынша әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыс бойынша маман.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;

2 2) жалпы білім беретін мектептің, мектеп-интернаттың және т.б. бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, қосымша білім беру мекеме директорының (бастықтың) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары;

3 3) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі;

4 4) әдістемелік кабинет бөлімшесінің жетекшісі;

5 5) оқу кабинетінің, интернаттың меңгерушісі;

6

6) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтар бойынша мұғалімдер, кітапханашы, басшы, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, медициналық бикесі, емдәм бикесі, әдіскер, музыкалық жетекші, ұстаз, үйірме жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогі, логопед-мұғалім, мұғалім-дефектолог;

7 7) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, оқу-тәрбиелік, оқу-сауықтыру өндірістік оқыту орталығының (кешеннің) шебері;

8 8) оқу-тәрбиелік жұмысымен тікелей айналысатын нұсқаушы, денешынықтыру-спорт ұйымының нұсқаушы-әдіскері.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;

2 2) көркемдік жетекшісі;

3 3) кітапхана меңгерушісі, мәдени ошақ меңгерушісі, көркем-қойылым бөлімінің, әдеби-драмалық, музыкалық;

4

4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: аккомпаниатор, актер, әртіс, мұрағатшы, режиссер ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, әуенрежиссер, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мәдени-ұйымдастырушы, әдіскер, музыкалық жетекші, қоюшы-оператор, режиссер көмекшісі, режиссер, қоюшы-режиссер, солист, хореограф, хормейстер, сақтаушы (соның ішінде мұражайлардағы қордың), барлық атаулардағы суретшілер, экскурсия жүргізуші.

4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;

2 2) кешен, филиал бөлімшесінің жетекшісі;

3 3) спорт клубының меңгерушісі;

4 4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық атаулардағы дәрігерлер, нұсқаушы, шебер, медициналық бике, әдіскер, психолог, жаттықтырушы, фельдшер.

Қолданыстағы