Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 180 · қабылданған 12.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76615/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 180 ·12.12.2013
12.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 180 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
12.12.2013
Көрсетілген редакция
12.12.2013 76615_125336.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NJ004403
ЭКБ идентификаторы
76615
Редакция идентификаторы
76615_125336
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:35

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

2 2. Мыналар:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) ұсынылады;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогигалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқылатың растайтын құжатты ұсынады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп айқындалсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ А. Мекебаева

Қолданыстағы