Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысының құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/179-V
- Қабылданған күні
- 10.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2018 76690_350543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13U0002496
- ЭКБ идентификаторы
- 76690
- Редакция идентификаторы
- 76690_350543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:38
0 Оңтүстік Қазақстан облысының құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы
21/179-V шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.
2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Оңтүстік Қазақстан облысының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, облыс көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мәслихаттары және әкімдері, Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
4 4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың облыс алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.
5 5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына келіп түскен ұсынымды алдын ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.
6 6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.
7 7. Грамотамен наградтау туралы шешім Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.
8 8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиялары және тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысымен қаралуы және шешілуі мүмкін.
9 9. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына жеткізіледі.
10 10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.
11 11. Грамота Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.
Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.