О судебной практике рассмотрения дел о выдворении иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О судебной практике рассмотрения дел о выдворении иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 13.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2024 76694_745352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P130000004S
- ЭКБ идентификаторы
- 76694
- Редакция идентификаторы
- 76694_745352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:32
0 Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі істерді қараудың сот практикасы туралы
Сот практикасын қорыту нәтижелері бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы құқық нормаларын біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1 1. Соттар көрсетілген санаттағы істерді қараған кезде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңының (бұдан әрі - Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң), басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтитынын ескергені жөн.
Сонымен қатар соттар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны (Кишинев, 2008 жылғы 14 қараша), Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шартты (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алуы қажет.
2
2. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адам шетелдік болып танылады. Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адам азаматтығы жоқ адам болып танылады (2-бап).
3
3. "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 10-бабының 3-тармағында төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп белгіленген. Аталған Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
4
4. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу мазмұны бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны немесе заңнаманы бұзғаны үшін сот қаулысының (шешімінің) негізінде жүзеге асырылатын, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберуді немесе уәкілетті органдардың бақылау жасай отырып, олардың өздерінің шығуын білдіреді.
5 5. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің нормаларын іске асыру тәртібімен қолданылатын әкімшілік жолмен шығарып жіберудің және АПК-де көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын шығарып жіберудің аражігін ажыратуы қажет.
6 6. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қолданылатын негізгі немесе қосымша әкімшілік жазалар ретінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Шығарып жіберуді қолдану үшін:
шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы (ӘҚБтК-нің 109-бабы);
қоғамдық орындарда тиісу (ӘҚБтК-нің 449-бабының үшінші бөлігі);
діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу (ӘҚБтК-нің 490-бабының үшінші бөлігі;
жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арыз берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну (ӘҚБтК-нің 495-бабының екінші бөлігі);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу (ӘҚБтК-нің 513-бабының екінші бөлігі);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу (ӘҚБтК-нің 514-бабының екінші бөлігі);
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (ӘҚБтК-нің 517-бабы);
Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (ӘҚБтК-нің 516-бабының екінші бөлігі) негіз болып табылады.
7 7. Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен
шығарып жіберу туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күні қаралады.
ӘҚБтК-нің 51-бабының екінші бөлігіне сәйкес егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкiн адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (бұдан әрі - ҚК) сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарласа, онда iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнде белгіленген тәртiппен шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
8 8. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге әкеп соқтыратын істі қарау кезінде әкімшілік
жауаптылыққа тартылатын адам міндетті түрде қатысуы тиіс.
9 9. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімде мерзім көрсетіледі, сол уақыт ішінде аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс (ӘҚБтК-нің 829-14-бабының екінші бөлігі).
Соттар осы мерзім деп шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өзіне қатысты қабылданған шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты ескере отырып, қаулыны орындау үшін жеткілікті мерзімді түсінуі керек.
10 10. ӘҚБтК-нің 51-бабының бірінші бөлігі, оның ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қолданылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу жағдайларына қолданылмайтынын айқындайды.
ӘҚБтК-нің 8-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары ӘҚБтК-де ғана айқындалады. ӘҚБтК-де белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайда әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.
Көрсетілген құқықтық нормалардан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ретінде әкімшілік жолмен шығарып жіберуді көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық жасауында көрсетілген заңнаманы бұзу адамды азаматтық процестік тәртіппен шығарып жіберу негіздерінің алып тасталатыны туындайды.
11 11. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының арызы бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу
тәртібінде жүзеге асырылады (АПК-нің 49-тарауы).
12
12. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді (АПК-нің 382-бабы).
АПК-нің 54-бабының үшінші бөлігінің сәйкес аталған адамдарды шығарып жіберу туралы арызды прокурор да беруі мүмкін.
13 13. АПК-нің 383-бабының талаптарына байланысты шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы арызда Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуы тиіс.
Шығарып жіберу туралы арызға аталған адамдардың заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса беріледі, оған мемлекеттік органдардың құқықтық актілері, соның ішінде сот шешімдері, қаулылары, үкімдері жатады.
14 14. Азаматтық
процестік тәртіппен шығарып жіберу туралы шешім шығару кезінде соттар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жасаған құқық бұзушылығын ескеруі қажет.
Соттар ӘҚБтК-нің және ҚК-нің әкімшілік жазаны алып тастау мерзімі, соттылықты жою және алу салдарлары туралы тиісті нормаларын басшылыққа алуы керек. Адам сот
қаулысын орындау аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелмейдi (ӘҚБтК-нің 61-бабы). Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды (ҚК-нің 79-бабының 9-бөлігі).
15
15. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы арызды сот іс қозғалған сәттен бастап он күн ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қарайды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сот отырысына келмеуі, оған қатысты хабарланғаны жөнінде мәліметтер болмаса, істі қарауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады (АПК-нің 196-бабының екінші бөлігі).
Осы адамдардың нақты болған жері белгісіз болса және оларды шығарып жіберу туралы арызды заңда белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмаса, сот іздестіру жариялауға міндетті (АПК-нің 133-бабының екінші бөлігі), сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы (АПК-нің 273-бабының 8) тармақшасы).
16 16. Шығарып жіберу үшін соттың белгілейтін мерзімдері ақылға қонымды болуы тиіс.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс мерзімді анықтаған кезде шығарып жіберу рәсімдерін қаржыландыру ерекшеліктері ескерілуі қажет.
АПК-нің 384-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына оларды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
17 17. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болады (АПК-нің 385-бабы).
18
18. АПК-нің 401-бабының талаптарына байланысты шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы тиіс емес, бірақ кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Шағым жасаудың апелляциялық тәртібін сақтамай қайта қарау мүмкіндігі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 13-бабының ережелеріне байланысты.
Соттарға шығарып жіберу туралы шешімді
шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде сот актісіне кассациялық тәртіппен шағым жасау құқығын көрсету қажеттілігі түсіндірілсін.
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартқан шешім АПК-нің 240-бабының қағидалары бойынша заңды күшіне енеді және оған АПК-нің 403-бабының қағидаларында көзделген
тәртіп бойынша апелляциялық
тәртіп бойынша шағым жасалуы мүмкін.
Шығарып жіберу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей шағым немесе наразылық түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешімі кассациялық саты шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұруға тиіс (АПК-нің 386-бабы). Мұндай жағдайда жеке сот актісін шығару талап етілмейді. Соттың шығарып жіберу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық сатының қаулысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиіс жаңа мерзім көрсетіледі.