Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности

Қаулы · № 352 · қабылданған 27.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76724/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 352 ·27.12.2013
17.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 352 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
352
Қабылданған күні
27.12.2013
Көрсетілген редакция
17.04.2014 76724_139953.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13TG002845
ЭКБ идентификаторы
76724
Редакция идентификаторы
76724_139953
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:16

0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру

және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 173-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІХ сессиясының төрағасы                   Ж. Ермұханов
26 желтоқсан 2013 жыл
Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Жолмағамбетов
26 желтоқсан 2013 жыл

4 Аудан әкімдігінің

2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 352 қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының ТІЗБЕСІ

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:

1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушiсi;

2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

2 2. Білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);

2 2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);

3 3) мектепке дейiнгi қазыналық кәсiпорын басшысы;

4

4) мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, әдіскер, шеберхана меңгерушісі, алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, тәлімгер, тәрбиеші, интернат-меңгерушісі, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бике, музыкалық жетекші, хореограф, педагог-психолог, зертханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.

3 3. Мәдениет мамандары лауазымдары:

1 1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;

2 2) көркемдік жетекші;

3 3) кітапхана меңгерушісі;

4 4) мамандар (бас, аға): әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, солист, дыбыс режиссері, әдістемеші, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, библиограф, дирижер, концертмейстер, музыкалық жетекші, үйірме жетекшісі.

Қолданыстағы