Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасын бекiту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-8
- Қабылданған күні
- 26.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2020 76726_455436.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZJ003407
- ЭКБ идентификаторы
- 76726
- Редакция идентификаторы
- 76726_455436
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:17
0 Сырым ауданының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстық жергiлiктi атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленсiн.
3 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы
2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8
Сырым аудандық мәслихатының
Шешiмiмен бекiтiлдi
Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы
1
1. Осы Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
2 2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1 1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2 2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3 3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4 4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5 5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
6 6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7 7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
8
9 9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
10 10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
11
12
13
14
15
16
3
3. Осы Қағиданың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрi - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
4
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидасында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
5 5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
6 6. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсетудiң еселiгi ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгiлендi.
7 7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстың ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
2 2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
8 8. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есепке алмай:
1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2 АЕК мөлшерінде, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;
2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметiн мiнсiз атқарғаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2,9 АЕК мөлшерiнде;
3
4
8-1 8-1. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай туберкулез ауруымен ауыратын есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 5 АЕК мөлшерінде.
9 9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
1 1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2 2) дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы негізінде облыстан тысқары жерлерге емделуге баратын азаматтарға табыстарын есепке алмай ересектерге 15 АЕК, балаларға 29 АЕК мөлшерінде;
3 3) жан басына шаққандағы орташа табысы айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке алып 5 АЕК мөлшерінде;
4 4) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
5 5) гемодиализ аппаратын қабылдайтын I топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
6 6) Ұлы Отан соғысы мүгедегіне үйін жөндеуге 250 АЕК мөлшерінде;
7 7) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсіміне 15 АЕК мөлшерінде;
8 8) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскериқызмет өткерген азаматтарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табыстарын есепке алмай 32 АЕК мөлшерінде;
9 9) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге баратын жол жүру (барып, қайту ) шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде;
10 10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға босатылғаны туралы анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.
10 10. Алушылар санатының тiзбесi, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi ЖАО осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес белгiленген.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесi мыналар болып табылады:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2 2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3 3) ең төмен күнкөрiс деңгейiне бiр еселiк шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
11 11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың ЖАО келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгiленген.
12 12. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3 3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
13 13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ауданның ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
14 14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1 1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2 2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3 3) Үлгiлiк қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4 4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5 5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
15 15. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
16 16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
17
17. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
18 18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
19 19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
20
20. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21 21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
22
22. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
23 23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
24
25 25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1 1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2 2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасында белгiленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26 26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асыралады.
4 4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
27 27. Әлеуметтiк көмек:
1 1) алушы қайтыс болған;
2 2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3 3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4 4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28 28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5 5. Қорытынды ереже
29 29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
85 Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына
1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
№
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
1.
9 мамыр – Жеңіс күні
бір реттік
2.
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні
бір реттік
3.
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні
бір реттік
4.
29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні
бір реттік
5.
Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні
бір реттік
86 Алушылар санатының тiзбесi, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi
Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
2 қосымша
Алушылар санатының тiзбесi, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi,
табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай
туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi
№
Алушылар санатының тiзбесi
Әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi
1.
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда қалған азамат (отбасы)
30 АЕК
бiр ай мерзiмде
87 Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерi
Сырым ауданының әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
3 қосымша
Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерi
№
Алушылардың жекелеген санаттарының тiзбесi
Әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерi (теңге)
1.
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары
150 000
2.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:
1) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар
150 000
2) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар
20 000
3) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары
20 000
4) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер
50 000
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандар, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар
30 000
3.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:
1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер
50 000
2) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары
30 000
4.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:
1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы
20 000
2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы
20 000
3) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы
20 000
4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда
10 000
5) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi)
15 000
6) қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай)
20 000
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар
15 000
5.
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар
10 000
6.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға
20 000
7.
18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар
10 000
Ескерту: аббревиатуралардың шешiмi:
АЕК – айлық есептiк көрсеткiш;
КСР Одағы – Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС - Чернобыль атом электр станциясы.