О внесении изменений в некоторые постановления акимата Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-11/550
- Қабылданған күні
- 13.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2020 76793_451708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13B0003957
- ЭКБ идентификаторы
- 76793
- Редакция идентификаторы
- 76793_451708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:33
0 Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 18.11.2014 № А-10/545 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2
2. Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2013 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы";
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.";
2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы".