Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду

Қаулы · № 19 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76853/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду Қолданыста Қаулы ·№ 19 ·21.01.2014
15.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду

Қолданыста Қаулы ·№ 19 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи пропусков на выход в территориальные воды (море) и внутренние воды Республики Казахстан казахстанских маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду
Атауы (қаз.)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
15.10.2024 76853_724432.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000019
ЭКБ идентификаторы
76853
Редакция идентификаторы
76853_724432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:05

0 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнiң ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысына қосымшаның 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 19 қаулысымен
бекітілген
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) рұқсаттамалар (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.

2

2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашылар) порттан (орналасу пунктінен) шыққанда, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында болған кезде және қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерде (құралдарда) және мұз үстімен жылжитын құралдарда портқа (орналасу пунктіне) оралған кезде Шекара қызметі өкілдерінің талабы бойынша Шекара қызметі берген рұқсаттамаларын және жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру үшін береді.

3 3. Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамаларға шектеулер қоюға немесе қолданысын уақытша тоқтата тұруға құқылы, ол туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды хабардар етеді.

2 2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі

4 4. Бастамашылар рұқсаттамалар алу үшін электронды форматта, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) Шекара қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну (бұдан әрі – ұсыну);

2 2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру құжаттарының көшірмелері.

5 5. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізуге ниеттенген мемлекеттік органдар және ұйымдар портал арқылы Шекара қызметіне ұсынулар енгізген кезде:

1 1) жобаның сипаты және мақсаты;

2 2) кемелердің атауын, типін және сыныбын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;

3 3) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күн;

4 4) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпараты бар қосымша құжаттарды ұсынады.

6 6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.

7 7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

8 8. Шекара қызметінің ұсынуды қарау және портал арқылы рұқсаттамаларды беру мерзімі бастамашы ұсынуды енгізген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

9 9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.

10 10. Рұқсаттама кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдар рұқсатының қолданылу мерзімін ескере отырып, ұсынуда көрсетілген мерзімге беріледі, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс.

Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.

11 11. Рұқсаттама жоғалған (бүлінген) жағдайда, бастамашылар Шекара қызметіне рұқсаттамаларды қайта беру туралы жазбаша өтінішхат, сондай-ақ рұқсаттамаларды жоғалту фактісі бойынша жазбаша түсініктеме береді.

Шекара қызметі үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсаттаманы қайта беруді жүзеге асырады.

12

12. Бастамашылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, аумақтық сулар (теңіздер) және ішкі сулар режимін бұзуымен байланысты құқық бұзушылықтары анықталғанда, сондай-ақ уәкілетті органдар заңсыз іс-қимылдарды тоқтату шараларын қолданған жағдайда Шекара қызметі оларға берген рұқсаттамаларды алып қояды.

1 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну

Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың
Қазақстан Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына рұқсаттамалар беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну
_________________________________ аумақтық бөлімше бастығына
(начальнику территориального подразделения _______________________)
Ұсыну (Представление)
Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________________
(Прошу выдать пропуск на выход в море)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
физического лица)
Мақсаты (с целью)_____________________________________________________________
Уақыты (время)_______________________________________________________________
_______________________________________________ ауданында аумақтық суларда болу
(нахождение в территориальных водах в районе)
____________________________________________________________________________
Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) _________________________________________
Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) __________________________________
Жүзу құралы тіркелімге алынған жер (место приписки плавсредства): ________________
_____________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға)
қоса берілген тізімге сәйкес саны ___________ дана рұқсаттама
(гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно
прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі ________________________________________
(К представлению прилагаются следующие документы)
____________________________________________________________________________
лауазымы (должность)
қолы (подпись) ___________________ ________________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
М.О.
(екінші жағы)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с №
Т.А.Ә. (бар болса)
Туған жылы, күні, айы,
Тұратын жерінің мекенжайы
Жұмыс орны, лауазымы
Жеке басын куәландыратын құжаттың №
Азаматтығы
Ескертпе
1
2
3
Жиыны: ___________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с №
Техникалық құралдардың атауы
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Капитанның Т.А.Ә. (бар болса)
Ескертпе
1
2
___________________________________

2 Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама

Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың
Қазақстан Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі суларына
шығуына рұқсаттамалар беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қайда ________________________
_______________________________
Кімге ___________________________
(бастамашының мекенжайы
және анықтау деректері)
Хабарлама
Сіздің 20___жылғы «____» ______ өтінішіңізге ___________ ұсынылған
құжаттардың толық болмауына байланысты ________________________________
_________________________________________ құжаттарды толық көлемде ұсынбауға
байланысты Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына
шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз _________________
___________________________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты)
кеменің (құралдардың) және мұз үстімен қозғалу құралдарының түрі)
___________________________________________аумақтық бөлімше бастығы
(лауазымды тұлғаның қолы,
Т.А.Ә. (бар болса)
20___ жылғы «___» ___________
(күні, айы, жылы)
М.О.
____________________________

3 Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына
рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № ______
(корешок пропуска)
(выдан)___________________ берілді
(жителю)_________________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға
шығуға рұқсат берілген
(разрешён выход в море и внутренние
воды в 20__ году)
Ауданның аумақтық суларында болу
(нахождение в территориальных
водах в районе)
Жүру бағыты ______________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты _______________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты ______________________
(время выхода)
Келу уақыты _______________________
(время пребывания)
Жүзу құралының түрі________________
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу №____________
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны
(место приписки плавсредства):
___________________________________
Негіздеме __________________________
(основание)
Берілген күні _______________________
(дата выдачи)
_______ә/б «_____» шекара бөлімшесінің бастығы
(начальник пограничного отделения «_______»)
___________________________________
___________________________________
МО
РҰҚСАТТАМА №________
(пропуск)
(выдан)_____________________ берілді
(жителю) __________ ________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға
шығуға рұқсат берілген
(разрешён выход в море и внутренние
воды в 20__ году)
Аумақтық сулардан тыс ауданда болу
(нахождение в территориальных
водах в районе)
Жүру бағыты _______________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты ________________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты _______________________
(время выхода)
Келу уақыты ________________________
(время пребывания):
Жүзу құралының түрі
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу № ____________
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны
(место приписки плавсредства)
___________________________________
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын
құжат ұсынылған жағдайда жарамды
(пропуск действителен при предъявлении
документа, удостоверяющего личность)
№ ______
Берілген күні _______________________
(дата выдачи)
_______ә/б «_____» шекара бөлімшесінің бастығы
(начальник пограничного отделения «_______»)
___________________________________
___________________________________
МО

Қолданыстағы