Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных "Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных обучающимся в организациях образования за счет средств республиканского и местных бюджетов"

Бұйрық · № 415 · қабылданған 09.10.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76856/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных "Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных обучающимся в организациях образования за счет средств республиканского и местных бюджетов" Қолданыста Бұйрық ·№ 415 ·09.10.2013
09.10.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных "Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных обучающимся в организациях образования за счет средств республиканского и местных бюджетов"

Қолданыста Бұйрық ·№ 415 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных "Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных обучающимся в организациях образования за счет средств республиканского и местных бюджетов"
Атауы (қаз.)
"Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
415
Қабылданған күні
09.10.2013
Көрсетілген редакция
09.10.2013 AI76856_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008915
ЭКБ идентификаторы
76856
Редакция идентификаторы
AI76856_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:07

0 "Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

2

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Білім басқармаларының басқарушылары, жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын 20 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаментіне осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) жыл сайын 28 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігіне осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

5 Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Білім беру ұйымдарында оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
төрағасы
_________ Ә. А. Смайылов
2013 жылғы  09 қазан
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Білім беру ұйымдарында оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Түсіндірме білім беру ұйымдарында оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды және ұсынымдық сипатқа ие.

2 2. Нысанды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің білім басқармалары толтырады және жыл сайын 20 ақпанға дейін ұсынады.

3 3. Нысанға жоғары оқу орындарының ректорлары, атқарушы органдардың басшылары, олар жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

4 4. «Республикалық бюджеттен (мақсатты трансферттер есебімен)» бағанында білім беру ұйымдарында оқитындарға ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғандағы республикалық бюджет есебінен төленген стипендия сомасы көрсетіледі.

5 5. «Жергілікті бюджеттен (мақсатты трансферттер есебінсіз)» бағанында білім беру ұйымдарында оқитындарға ағымдағы нысаналы трансферттер есебінсіз жергілікті бюджет есебінен төленген стипендия сомасы көрсетіледі

6 6. «Барлығы Қазақстан Республикасы бойынша» деген жолда жалпы республика бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтық сомасы көрсетіледі.

0 Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 9 қазандағы № 415
бұйрығына қосымша
приложение к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 9 ноября 2013 года № 415
Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер
Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных обучающимся в организациях образования, за счет средств республиканского и местных бюджетов
Индексі: ТС1
Индекс: ВС1
Кезеңділігі: Жылдық
Периодичность: Годовая
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, Астана және Алматы қалаларының, облыстар әкімдіктерінің Білім басқармалары тапсырады.
Представляют: Высшие учебные заведения Республики Казахстан, Управления образования акиматов областей, городов Астаны и Алматы.
Тапсыру мерзімі 20 ақпанға дейін
Срок представления – до 20 февраля
Об­лыс ата­уы
На­име­но­ва­ние об­ла­сти
со­ның ішін­де қа­ра­жат­тан тө­лен­ген­дер, мың тең­ге:
в том чис­ле вы­пла­чен­ных за счет средств, тыс.тен­ге:
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен (мақ­сат­ты транс­ферт­тер есе­бі­мен)
Рес­пуб­ли­кан­ско­го бюд­же­та (с уче­том це­ле­вых транс­фер­тов)
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен
(мақ­сат­ты транс­ферт­тер есе­бін­сіз)
Мест­но­го бюд­же­та
(без уче­та це­ле­вых транс­фер­тов)
Ақ­мо­ла
Ак­мо­лин­ская
Ақ­тө­бе
Ак­тю­бин­ская
Ал­ма­ты
Ал­ма­тин­ская
Аты­рау
Аты­ра­ус­кая
Ба­тыс Қа­зақ­стан
За­пад­но-Ка­зах­стан­ская
Жам­был
Жам­был­ская
Қа­ра­ған­ды
Ка­ра­ган­дин­ская
Қо­ста­най
Ко­ста­наи­ская
Қы­зы­лор­да
Кы­зы­лор­дин­ская
Маң­ғы­стау
Ман­ги­ста­ус­кая
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
Юж­но-Ка­зах­стан­ская
Пав­ло­дар
Пав­ло­дар­ская
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Се­ве­ро-Ка­зах­стан­ская
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Во­сточ­но-Ка­зах­стан­ская
Аста­на қа­ла­сы
Аста­на
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Ал­ма­ты
Бар­лы­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша:
Все­го по Рес­пуб­ли­ке Ка­зах­стан:
Атауы:                              Мекен-жайы
Наименование:__________________     Адрес ___________________________
__________________     Тел _____________________________
Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты _________
Орындаушының тегі және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя       ____________ тел. _______________
Басшы                               (Т.А.Ә. қолы)
Руководитель _______________        (Ф.И.О. подпись)_________________
М.О.
М.П.

Қолданыстағы