О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 22.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2014 AI76897_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000023
- ЭКБ идентификаторы
- 76897
- Редакция идентификаторы
- AI76897_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:05
0 Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 413 027,4 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ҚО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу 2014 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне кедендік баж төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға не әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қантты кедендік декларациялауды:
1 1) кедендік әкелу бажын төлемей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиялар негізінде;
2 2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу арқылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиясыз жүзеге асырсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
қосымша
Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
Р/с
№
Қант өндіретін кәсіпорын атауы
1
«Орталық Азия Қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
* Кәсіпорындар тізбесі кәсіпорындарды шикі құрақ қантынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады: