О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 19.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2019 76934_394176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001020
- ЭКБ идентификаторы
- 76934
- Редакция идентификаторы
- 76934_394176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:29
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, V cайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға (бұдан әрі -әлеуметтік көмек) 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету тәртібі айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
4 4. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы
Р. Шимашева
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімі басшысының
міндетін атқарушы
Н. Егизекова
6 Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 196 шешіміне қосымша
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) үшін ата-анасы және өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі - алушылар) Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) кемтар балалардың тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелуі бойынша, өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1 1) алушының жеке басын куәландыратын құжаты;
2
3 3) алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттары;
4 4) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін Алматы қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес тұжырымы;
5 5) мүгедектігі туралы анықтама;
6 6) банк шотының болуы туралы құжат.
7) оқу орнының анықтамасы.
2 2. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
3 3. Заңды өкілдер кемтар балаларды асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдардың шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.
4 4. Ата-аналардың (заңды өкіл) бірінің жәрдемақы тағайындау туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-аналар (заңды өкіл) жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
5 5. Әлеуметтік көмек оқу орнының анықтамасында көрсетілгеніндей, кемтар балалардың жеке оқу жоспары (бұдан әрі – жеке оқу жоспары) бойынша үйде оқу кезеңіне тағайындалады.
6 6. Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап төленедi.
2 2. Әлеуметтік көмекті төлеу
7 7. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын ағымдағы тоқсанның соңғы айында төленеді.
8 8. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатуға негіз болады:
1 1) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы;
2 2) кемтар баланың жалпы білім беру мекемелерінде оқуы;
3 3) кемтар баланы толық мемлекеттік қамсыздандыру үшін әлеуметтік- медициналық мекемеге орналастыру;
4 4) әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкелетін өтініш алушының жалған мәлімет беруі;
5 5) Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
6 6) кемтар баланың қайтыс болуы;
7 7) жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы.
9 9. Әлеуметтік көмек төлемі
жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады.