Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере по транспортировке нефти и (или) нефтепродуктов по магистральным трубопроводам, за исключением их транспортировки в целях транзита через территорию Республики Казахстан и экспорта за пределы Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере по транспортировке нефти и (или) нефтепродуктов по магистральным трубопроводам, за исключением их транспортировки в целях транзита через территорию Республики Казахстан и экспорта за пределы Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 404-ОД
- Қабылданған күні
- 30.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 76947_447670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009054
- ЭКБ идентификаторы
- 76947
- Редакция идентификаторы
- 76947_447670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:13
0
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тiзбесi бекiтiлсiн.
2
2. "Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 113-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 147 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4243 нөмірмен тiркелген "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 16 маусымда № 109-110 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді;
2 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн.
4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
3 3) бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде жариялау үшін қағаз және электронды тасығышта жолдасын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Б.О. Ақшолақовқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жариялануға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатыныстарға қолданылады.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов
2013 жылғы "___" ________
0 Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 244 және
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 404-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі