Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении границ охранных зон объектов историко-культурного наследия

Өзге акт · № 20-9 · қабылданған 18.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76958/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об утверждении границ охранных зон объектов историко-культурного наследия Күшін жойған Өзге акт ·№ 20-9 ·18.12.2013
16.02.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении границ охранных зон объектов историко-культурного наследия

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20-9 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении границ охранных зон объектов историко-культурного наследия
Атауы (қаз.)
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20-9
Қабылданған күні
18.12.2013
Қолданысқа енгізілген күні
10.02.2014
Көрсетілген редакция
16.02.2022 76958_564324.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13G0002106
ЭКБ идентификаторы
76958
Редакция идентификаторы
76958_564324
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:31

0 Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 127 бабына және«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес тарихи – мәдени мұра объектілері болып табылатын Байзақ ауданында орналасқан «Қостөбе», Шу ауданында орналасқан «Ақтөбе», Т.Рысқұлов ауданында орналасқан«Құлан», «Өрнек» қалашықтарыныңқорғау аймақтарының шекаралары бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс жәнеәйелдер істері мен отбасы - демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСІЛДІ
«Жамбыл облысы әкімдігінің
жер қатынастар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.М. Жұмағұлов
18 желтоқсан 2013 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің
мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесініңбасшысы
А.Қ. Саденова
18 желтоқсан 2013 жыл

4 Жамбыл облыстық мәслихатының

2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 20-9 шешіміне 1 қосымша
«Қостөбе» қалашығының қорғау аймағы
Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.
Қорғалатын аймаққа:
цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы).
шахристан 1, 2 (қалашықтың негізгі бөлігі).
некрополь 1, 2 (қалашықтың зират бөлігі).
қалашықтың қорғаныс қабырғасының қираған орны (сыртқы қоршау бөлігі) жатқызылады.
Ескерткіштің қорғау аймағы –59,5гектар.

5 Жамбыл облыстық мәслихатының

2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 20-9 шешіміне 2 қосымша
«Ақтөбе» қалашығының қорғау аймағы
Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.
Қорғалатын аймаққа:
цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы);
шахристан 1, 2 (қалашықтың негізгі бөлігі);
рабад (қала сыртындағы үйлердің орындары);
төрткүлдер (бекіністі құрылыс орындары);
үй жайлар;
қамалдың қираған қабырғаларының орындары жатқызылады.
Ескерткіштің қорғау аймағы – 569,0 гектар.

6 Жамбыл облыстық мәслихатының

2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 20-9 шешіміне 3 қосымша
«Құлан» қалашығының қорғау аймағы
Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.
Қорғалатын аймаққа:
цитадель (қалашықтың әкімшілік орталығының құрылысы);
шахристан (қалашықтың негізгі бөлігі);
ішкі қамал (қалашықтың ішкі қоршау бөлігі);
қорғау қабырғасыз рабат (қала сыртындағы үйлердің орындары) жатады.
Ескерткіштің қорғау аймағы – 93.64 гектар.

7 Жамбыл облыстық мәслихатының

2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 20-9 шешіміне 4 қосымша
«Өрнек» қалашығының қорғау аймағы
Қорғау аймағына тарихи қалыптасқан жағдай және бүгінгі ескерткіштердің тарихи орны және оны жаңғыртуға сақталынатын аймақ жатады.
Қорғалатын аймаққа:
мешіт;
тұрғын үй орны;
құрылыстардың қираған орны;
үш әуіз орындарының қазан шұңқырлары;
құмырашының шеберханасы;
кесененің қираған орындары жатқызылады.
Ескерткіштің қорғау аймағы – 82,04 гектар.

Қолданыстағы