Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Шетского района"

Қаулы · № 01/01 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76990/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Шетского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 01/01 ·21.01.2014
06.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Шетского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 01/01 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Шетского района"
Атауы (қаз.)
"Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01/01
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
06.03.2015 76990_235965.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KQ002521
ЭКБ идентификаторы
76990
Редакция идентификаторы
76990_235965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:06

0 "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2 2. Шет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қазандағы "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 28/13 қаулысы жойылсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау Шет ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Шет ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 01/01 қаулысымен
бекітілген
"Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1. "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Сәулет және қала құрылысы бөлімі) аудандағы сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентi актілері мен Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс № 101700 Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 24 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: “Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Шетского района".
10. Осы Ереже "Сәулет және қала құрылысы бөлімінің" құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Сәулет және қала құрылысы бөлімінің" қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. "Сәулет және қала құрылысы бөлім" кәсіпкерлік субъектілерімен: "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сәулет және қала құрылысы бөлім" заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Сәулет және қала құрылысы бөлім" миссиясы:
ауданның құрылыс және сәулет салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
14. Міндеттері:
Сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру.
Ретке келтіріліп отырған нарық экономикасы жағдайындағы жөндеу құрылыс, жобалау әдістемелерін және әрқилы прогрессивті формаларға ықпал ету;
Аудан көлеміндегі аумақтардағы құрылыс объектілері бойынша жобалау жұмыстарын, құрылыстың ұйымдастыруларын үйлестіру.
Аудан көлеміндегі елді-мекендерде объектілердің құрылыстарын жүргізу және жобалау, бас жоспарларын қарау және келісу, оларды Шет ауданының әкіміне тапсыру;
тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.
15. Функциялары:
1) Елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру, дизайнды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселелерін реттейтін құжаттарды дайындау және жобалау және құрылыс нормаларын жетілдіру;
2) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;
3) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілерді жөндеу, күрделі құрылыс барысына бақылау жасау;
4) құрылыс объектілерінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) пайдалануға берілетін нысандарды (комплекстерді) заңға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру;
2) салынып жатқан (салынатын), салынған нысандардың және комплекстердің Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіп бойынша мониторингін жүргізу;
3) аумақтағы жобалаған салынуларды немесе басқа да қала құрылысының өзгерістерін халық назарына жеткізу;
4) мемлекеттік қала құрылысы кадастырының базалық деңгейін және "Мекен-жай регистр" ақпараттық жүйесін жүргізудің біріңғай тәртібін анықтау;
5) өзіне жүктелген заңдылыктармен, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) өзінің мамандарының міндеттерінің өкілеттілігін белгілейді;
2) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлімнің мамандарын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;
4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
5) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз қызметтерін ұсынады;
6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
7) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Сәулет және қала құрылысы бөлімі" бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттікттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәулет және қала құрылысы бөлімі", өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Сәулет және қала құрылысы бөлімін" қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Қолданыстағы