Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения международного судового реестра Республики Казахстан

Бұйрық · № 1024 · қабылданған 20.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77003/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения международного судового реестра Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 1024 ·20.12.2013
20.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения международного судового реестра Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1024 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения международного судового реестра Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1024
Қабылданған күні
20.12.2013
Көрсетілген редакция
20.10.2015 AI77003_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009059
ЭКБ идентификаторы
77003
Редакция идентификаторы
AI77003_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:29

0 Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiнің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1024 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін белгілейді.

2 2. Тізілімді порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды тасығыштарда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

3 3. Қағаз түріндегі Тізілімде барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және Тізілімнің соңғы бетінде нөмірленген және тігінделген парақтардың саны көрсетіледі.

4 4. Тізілімді теңіз портының капитаны куәландырады.

5 5. Тізілімнің «Өзгерістер туралы белгілер» деген бағанына кеме туралы немесе барлық жазуды жаңартуды, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтатылуын немесе ауысуын талап етпейтін өзгерісі туралы қосымша ақпарат жазылады.

Мұндай мәліметтерге:

1 1) егер кеменің меншік иесі (кеме иесі) жеке тұлға болса, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), тұратын жерінің өзгеруі;

2 2) егер кеменің меншік иесі (кеме иесі) заңды тұлға болса, заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері және пошталық мекен-жайының өзгеруі;

3 Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі

3) кеме атауының өзгеруі жатады.
Қазақстан Республикасының
халықаралық кеме тізілімін
жүргізу қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі
Р/с

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық ке­ме ті­зі­лі­міне ен­гі­зу кү­ні және тәр­тіп­тік тір­кеу нө­мі­рі
Ке­ме­нің ата­уы
Ке­ме­нің мен­шік ие­сі­нің ата­уы/ те­гі, аты және әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның ме­кен­жайы
Ке­ме ие­сі­нің ата­уы/ те­гі, аты және әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның ме­кен­жайы
Ке­ме­нің үл­гі­сі мен мақ­са­ты
Ша­қы­ру сиг­на­лы
Ха­лы­қа­ра­лық теңiз ұй­ы­мы­ның сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi
1
2
3
4
5
6
7
8
жалғасы
Негіз­гі тір­ке­удің пор­ты
Жал­дау уа­қы­ты­на тір­кеу пор­ты
Ал­да­ғы тір­ке­удің пор­ты (ор­ны) және оның кү­шін жо­ю­дың кү­ні (егер он­дай­лар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тiк туын кө­терiп жү­зу құқы­ғы­на рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Ке­ме­нің бұ­рын­ғы ата­уы (егер ол бұ­рын ше­тел­дік туын кө­те­ріп жү­зе­тін бол­са)
Жү­зу ауда­ны
Жо­ба­ның №
Ке­ме­нің жа­сал­ған жы­лы мен ор­ны
9
10
11
12
13
14
15
16
жалғасы
Кор­пус-тың ма­те-ри­а­лы
Жүк кө­те­рім­ді­гі (тон­на­лар)
Жо­ла­у­шы­лар сый­ым­ды­лы-ғы (адам)
Ба­сты қоз­ғалт­қы­штар­дың ти­пі, са­ны және қу­а­ты
Қоз­ғалт­қы­штар-дың тү­рі және бұ­ра­ма са­ны
Ке­ме­нің га­ба­рит­тік өл­шем­де­рі (метр­лер)
Су үсті бор­ты­ның би­ік­ті­гі (метр­лер)
ұзын-ды­ғы
ені
шө­гу
жүк­пен
жүк­сіз
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
жалғасы
Сый­ым­ды­лық (тір­ке­лім­дік тон­на­лар)
Құт­қа­ру шлюп­ка­ла­ры (са­ны, жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы)
Жү­рі­стің ең тез жыл­дамды­ғы (буын­дар­да)
Өзге­рі­стер ту­ра­лы бел­гі­лер
Ке­ме­нің неме­се жа­са­лы­нып жа­тқан ке­ме­нің ипо­те­ка­сын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
жал­пы
та­за
жүк­пен
жүк­сіз
Ипо­те­ка­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің де­ректе­ме­ле­рі, ке­піл бе­ру­ші мен ке­піл ұста­у­шы­ның ата­уы/ те­гі, аты және әке­сі­нің аты (болған кез­де) және ме­кен­жайы, ипо­те­ка­ның аяқ­та­лу кү­ні
Негі­зін­де ипо­те­ка­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу тоқ­та­ты­л­ған құ­жат­тар­дың де­ректе­ме­ле­рі, ипо­те­ка­ның мер­зі­мі­нен бұ­рын аяқ­та­лу кү­ні
27
28
29
30
31
32
33
34

Қолданыстағы